«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет113/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia
E øûðûøòû ?àáàòòû? îðãàíèêàëû? ïàòîëîãèÿñûíû? áîëìàóû, АКТ 1
Морфологиялық ерекшеліктері.
Ноқаттың (Cіcer arіetіnum) сабағы тӛрт 
қырлы, тік ӛсіп, жақсы бҧтақтанады, биіктігі 70 см жетеді. Жапырағы 9 – 15 
жапырақшадан қҧралып, тақ қатарлы жапырақшалары бар дақылға жатады. 
Жапырақтары, сабағы, тіпті гҥлдері де тҥкті болады. Тҧқымның ірілігіне, 1000 
дәнінің салмағына, вегетациялық мерзімінің ҧзақтығына қарап, ноқат толып 
жатқан ерекшеліктерімен тӛрт тҥр тармағына бӛлінеді. Біздің елімізде ең кӛп 
тараған тҥр тармағы Cіcer arіetіnum SSR6 enracіatіcum. Мҧның сабағы биік, 
дәні домалақ, орташа кӛлемді, 1000 дәнінің салмағы 200 – 300 г. Ноқаттың 
аудандастырылған бірнеше сорттары бар. Солардың ішінде республикамызда 
аудандастырылғандары – Краснокутский 195, Юбилейный.
Майкене. Халық шаруашылығындағы маңызы.
Бағалы майлы дақыыл 
майкененің (клещевина) тҧқымында 50-55% май болады. Ыстықтай сығу 
арқылы алынған майы ӛнеркәсіптің тҥрлі саласында – былғары, тоқыма 
ӛнеркәсібінде сыр бояу және сабын қайнату ӛндірісінде және т.б. халық 
шаруашылығы салаларында қолданылады. Суықтай сығу арқылы алынатын 
кастор майы ем ҥшін қажет. Майкене тҧқымының қҧрамында улы алколоид – 
рицинин болады. Суықтай сығу кезінде улы алколоид оның кҥн жарасында 
қалады, бҧл кҥнжара белок пен сутегі қосылыстарына бай болғандықтан, 
жабысқақ бояулардың байланыстырушы заты ретінде қҧрылыста желім және 
сіріңке жасауға пайдаланылады.
Майбұршақ. Халық шаруашылығындағы маңызы
. Майбҧршақ (соя) ӛте 
бағалы дақылдар қатарына жатады. Оның тҧқымында 33-45% белок, 20-25,7 % 
май, 25-27% углевод бар. Кҥлінде калий, фосфор мен әк кӛп, май еритін С, В, Е 
дәрумендері болады. Майбҧршақ тҧқымындағы сіңімді протеин арпа дәніне 
қарағанда 3-6 есе, жҥгеріге қарағанда 4 есе кӛп. Тамақтық маңызы зор, лизин, 
метионин, триптофан және т.б. амин қышқылдары да мол-ақ. Мысалы, 1 кг 
бидай ҧнында 2,5 г лизин 
Майбҧршақтың йодтық кӛрсеткіші 107-137, жай кебетін майы 
сҥзілгеннен кейін тағамдық майы ретінде қолданылады. Майбҧршақ майы 
сонымен бірге маргарин, сабын, глицерин алуда, сыр-бояу ӛндірісінде, 
линолеум, клеенка, соя ірімшігі, сҥт, ҧн, кондитор тағамдары алынады баспа 
бояуларын дайындауға және жағатаны май ретінде қолданылады.
Майбҧршақтан лецитин, желатин және кондитер тағамдары жасалады. 
Ҧсақталған кҥнжарасы нан пісіруде, макарон ӛндірісінде қоспа ретінде, 
сондай-ақ малазығы ҥшін де пайдаланылады. Майбҧршақ кҥнжарасында белок 
47%, ҧнында – 40%.Майбҧршақты кӛктей шауып алуға және сҥрлемге арнап 
ӛсіруге де болады. Оны судан шӛбімен, жҥгерімен немесе қонақ жҥгерімен 
қосып ексе, сапалы сҥрлем алынады, егістігі жақсы болса, жайылым ретінде 
пайдаланылады. Майбҧршақ шӛбі ӛте дәмді, қҧрамында 15,4% белок, 5,2% 
май, 38,6% углевод, 7,2% кҥл және 22,3% клетчатка бар. Оның сабағының, 
тҧқымының қалдықтары қой ҥшін жақсы азық. Қуарған майбҧршақ қҧрамында 


5,3% белок болса, 100 кг сабағының ӛзінде 32 малазық ӛлшемі болады. 
Дәнді бҧршақтарға жататын майбҧршақ топырақ азотын да кӛбейтеді. 
Майбҧршақты жинап алғаннан кейін танаптың әр гектарына 70-80 кг сіңімді 
азот қалады, ол осы жерге гектарына 2-3 ц минералды азот тыңайтқышын 
немесе 30-40 ц кӛң бергенмен бірдей. Отамалы дақыл ретінде майбҧршақ 
егілген жерін арамшӛптен жақсы тазалайды. Кең 
тараған 
майбҧршақтың 
кҥшті тамыр жҥйесі топырақтың физикалық су ҧстау, сіңіру қасиеттерін 
жақсарта тҥседі 
Майбұршақ
топырақтағы ылғалды кӛп керек етпейді, гҥлдеу, дән қҧю 
кезінде ылғалды ӛте жақсы кӛреді, кӛбінесе дәнін алуға арнап ӛсіріледі. 
Майбҧршақ бір жылдық, жарық сҥйгіш, қысқа кҥнді ӛсімдік, биіктігі 1,5 м., 
ӛздігінен тозанданады, ол ҥшін топырақ ортасының реакциясы РН-6. 
Майбҧршақтың ӛсіп даму кезендерінің ҧзақтығы: ерте пісетін сорттары 81-90 
кҥн, орта пісетін сорттары 111 -120, 120-130 кҥн, кеш пісетіні 151-160- 170кҥн. 
Қазақстанда кӛп тараған сорттары –.Гибридная 670, Казахстанская 200, 
Скынтея және Жалпақсай, Мутантная - 359, Казахстанская - 200, Казахстанская 
- 688, Высокостебельная -2 Скынтея, Букурия, Еврика, Аврора, Гибридная 
670, Мерит.
Чина- 
қуаншылықа тӛзімді ӛсімдік. Чина топырақтың қҧнарлы болуын 
керек етпейді. Жеңіл қҧмды және қҧмдақ жерде жақсы піседі. Ҧрықтану тәсілі 
жағынан Чина ӛзінен тозанданатын дәндер сортына жатады. Жалпы ӛсу
дауірі 85-110 кҥн аралығында, чинаны тамақа және мал азығына арнап ӛсіреді.
Оның дәнінде 20% - дейін сіңімді белок болады. Чинаның кӛк шӛбінің 
пішенінен сабағының мал азықтық қажеті зор. 
Сорттары -
Латирус сативус
тҥріне жатады. Сорты- Степной -12, Степной – 278. сабағының биіктігі 45-55 
см. Бҧршақтары ҥзынша, эплипс формалы – ҧзындығы 3,5-4,5 см. жалпақтығы 
1,2-1,5 см, бҧршақта 2-4 дән болады. Дәндері сары ақшыл, бедерсіз, сына 
тәрізді. Ҧзындығы 8-9см, жалпақтығы 8-10см, қалындығы 5,1-5,6 см, Мың 
мдәннің массасы 250-300гр. Сорт орташа мерзімде піседі 65-75 кҥн 
аралығында, дәндегі белок -29,3-32,5%, ал Кинельская В-7 сорттының мың 
дәнінің массасы 195гр., биіктігі-42-50см. Ӛсу дәуірі 75 кҥн. 
Жаздық және күздік рапс. Халық шаруашылығындағы маңызы. 
Биологиялық ерекшеліктері
. Рапс – (Brassіca napus oleіfera) шаршы гҥлділер 
тҧқымдасына жататын бір жылдық ӛсімдік. Екпе дақыл ретінде жаздық рапс 
немесе Кольза және кҥздік рапс тҥрінде кездеседі. Рапстың жемісі ортасынан 
екіге бӛлінген жаңқашақ, бҧршақ сияқты қос қабықты. Жемісінде орналасқан 
40-50 дӛңгелек қара-қоңыр тҧқымдары бӛлмешікке екі жағынан бекиді. 1000 
тҧқымының салмағы 7-3 г шамасында.Май беретін шаршы гҥлділер 
ӛсімдіктерінің ішінде рапс тҧқымы майының кӛптігімен (45-50%) және сапасы 
жӛнінен бірінші орын алады. Баяу кебетін, йодтық саны 94-112 болатын рапс 
майының тағамдық та, техникалық та маңызы зор. Кӛбіне рапс кӛк шӛптік мал 
азығы (әр гектардан 250-300 ц) және кӛк тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. 
Рапстың бал жинайтын (әр гектардан 90 кг) дақыл ретінде де маңызы бар.


Жаздық рапс Азияда кеңінен таралған дақыл. Ҥнді елінде ол 3,4 млн, 
Қытайда – 2,5 млн, Пакистанда – 500 мың га жерге егіледі. Азия елдеріндегі әр 
гектардан алынатын рапс ӛнімі – 5,5-6 ц рапс тҧқымын кӛптеп ӛндіретін
Канада елі. Жаздық рапстың әр гектарынан 10 ц ӛнім алынады.
Күздік рапс
кҥзде себілгенде ғана май алынатын негізгі дақыл. Оның 
ӛсуіне қысы қарлы әрі жылы болатын, әсіресе қыстың соңы мен ерте кӛктемде 
ауа райы ерекше қҧбылып ӛзгермейтін аудандар қолайлы. Еліміздегі кҥздік 
рапстың жалпы егіс кӛлемі 50-60 мың га шамасында. Алынатын ӛнім кӛк 
балауса 300-400 ц, тҧқым ӛнімі әр гектардан 15-20 ц . Таралған сорттары – 
Кубанский 1, Дублянский және т.б. 
Көкшіл сұр қыша. 
Кӛкшіл сҧр қышаның (горчица сизая или сарептская) 
тҧқымында 34-47% (йодтық саны 92-119) май болады. Оны консерві, маргарин, 
кондитер, фармацевт, тоқыма, сабын қайнату ӛндірістерінде және нан пісіруде 
кеңінен қолданылады.
Ақ қыша. Шаруашылық және биологиялық ерекшеліктері
. Ақ қыша – 
(Sіnapіs alba) тҧқымы нан пісіруге кеңінен қолданылады. Тағамдық және 
техникалық мақсаттарға жҧмсалатын май алу ҥшін ӛсіріледі. Дәндегі май 
мӛлшері 25-39% аралығында. Тамыр жҥйесінің жоғарғы сіңіргіштік қабілеті 
бар ақ қышадан бал жинайды. Егісті жинағаннан кейін себілген ақ қыша, кҥз 
аяғына дейін ӛсетіндіктен, кӛк шӛбіне мал жайылады. Орташа қҧнарлы 
аймақтарда оның әр гектарынан 15-20 ц дән алынады. Таралған қыша сорттары 
– Неосыпающаяся 2, Сталинградская 189/191.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет