Жерді аудару тҥреңді соқа кӛмегімен жҥргізіледі. Ол ӛңделетін қабаттың
кем дегенде 135
0
–қа аударылуын, топырақтың майдаланып қопсытылуын
қамтамасыз етумен қатар, ӛсімдік тамырларын кесу, тыңайтқыш енгезу,
арамшӛптермен ӛсімдік қалдықтарын кесу сияқты бірқатар технологиялық
операцияларды да орындайды.
Негізгі ӛндеудің тағы бір тҥрі жерді тҥреңсіз соқалармен жырту, бҧл кезде
топырақ терең ӛңделгенмен жер беті аударылмайды, тек азғана кӛтеріледі.
Негізгі ӛңдеудің арнайы тәсілдеріне жататындар: топырақты 2-қабатты
ӛңдеу, фрезерлеу, жасанды қуыстар жасау.
Топырақты жеңіл ӛңдеу әртҥрлі қҧралдар кӛмегімен негізінен, 10-12см
тереңдікке дейін жҥргізіледі. Ондағы мақсат: топырақтың қатты қабықшасын
жою, тығыздалған қабатын қопсыту арамшӛптерді жою, дақылдарды егер
алдында дән ҧяларын дайындау, минералдық тыңайтқыштарды аз терендікке
енгізу.
Мҧндай ӛндеу тәсілдеріне: сыдыра жырту, культивациялау, тырмалау
тегістеу, ҧсақтау – майдалау жатады.
Топырақты ӛндеу тәсілдерінің ҥйлестірілуі және олардың белгіленген
уақытта рет-ретімен орындалуы топырақты ӛңдеу жҥйесін қҧрайды. Топырақты
ӛңдеу жҥйесіне кіретіндер:
- Жырту қабаты тереңдігіне жҥргізілетін негізгі ӛңдеу;
- Дақылды егер алдындағы жҥргізілетін - ӛңдеу;
- Дақылдарды еккеннен кейінгі ӛңдеу.
Топырақты ӛңдеу жҥйесі дақыл тҥріне, алғы дақыл ерекшеліктеріне танап
жағдайына, ауыспалы егістіктегі тыңайтқыштар жҥйесіне, климаттық
жағдайларға, байланысты – тәуелді болады.
Достарыңызбен бөлісу: