5-тарау. Аумақтық орталықты басқару 26. Аумақтық орталықты директор басқарады.
27. Аумақтық орталықтың директорын құрылтайшы немесе уәкiлеттi орган тағайындайды және лауазымынан босатады.
28. Директор аумақтық орталықтың жұмысын ұйымдастырады және аумақтық орталықтың қызметi, оның санитарлық-гигиеналық және техникалық жағдайы, онда болудың және әлеуметтiк қызмет көрсетудiң сапасы үшiн, сондай-ақ қызмет көрсетiлетiн адамдардың аумақтық орталықтың аумағындағы әрбiр мертiгуi немесе табиғи емес өлiмi үшiн дербес жауапкершiлiкте болады.
29. Директор аумақтық орталықтың атынан сенiмхатсыз әрекет етедi, мекемелер мен ұйымдарда оның атынан өкiлдiк етедi, заңдарда белгiленген тәртiппен аумақтық орталықтың мүлкiне және қаражатына иелiк жасайды, келiсiм-шарттар жасайды, сенiмхаттар, оның iшiнде қайта сенiмгерлiк құқығымен сенiмхат бередi, банктерде аумақтық орталықтың шоттарын ашады.
30. Штат санын құрылтайшы берiлетiн әлеуметтiк қызмет түрлерiнiң көлемi мен түрлерiне қарай белгiлейдi.
31. Директор педагогикалық, медициналық және басқа да кадрларды iрiктеудi және орналастыруды қамтамасыз етедi, педагогикалық және медициналық қызметкерлердiң жұмысына басшылықты, олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асырады, сондай-ақ аумақтық орталықты қарттармен және мүгедектермен толықтыруға қатысады.
32. Директор аумақтық орталықтың қызметiне қатысты бұйрықтар шығарады, еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлердi жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, ынталандыру шараларын қабылдайды және қызметкерлерге тәртiптiк жазалар қолданады.