5-бөлiм. Оқу-тәрбие процесi 22. Оқу сабақтары бiлiм туралы заңнамаға сәйкес жүргiзiледi.
23. Балалар толымдылығы 10 адамнан аспайтын топтар (сыныптар) бойынша бөлiнедi.
24. Топтарды (сыныптарды) жасақтау баланың жасын, ПМПК анықтайтын парасаттылығы деңгейiн және оны оқыту жылы ескерiле отырып жүзеге асырылады.
25. Түзеп-дамыта оқыту баланың психофизикалық дамуын тәртiпаралық бағалау негiзiнде жасалатын жеке-дамыту бағдарламаларының негiзiнде құрылады.
Балаларды оқытып тәрбиелеу жұмысындағы және еңбекке баулудағы негiзгi мәселелердi шешу мақсатында педагогикалық кеңес құрылуы мүмкiн, оның құрамын МӘҰ директоры бекiтедi.
26. Педагогикалық кеңес туралы ереженi уәкiлеттi орган немесе құрылтайшы бекiтедi.