7-бөлiм. МӘҰ-ға басшылық жасау 37. МӘҰ директор басқарады.
38. МӘҰ директорын уәкiлеттi орган немесе құрылтайшы қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады.
39. Директор МӘҰ жұмысын ұйымдастырады және МӘҰ-ның санитарлық-гигиеналық және техникалық жай-күйi, балаларды ұстаудың, оларға әлеуметтiк қызмет көрсетудiң сапасы үшiн, сондай-ақ балалардың МӘҰ аумағындағы әрбiр мертiгуi немесе және табиғи емес өлiмi жағдайлары үшiн дербес жауапкершiлiкте болады.
40. Директор МӘҰ атынан сенiмхатсыз әрекет етедi, мекемелер мен ұйымдарда оған өкiлдiк етедi, заңдарда белгiленген тәртiппен МӘМ мүлкiн және қаражатын басқарады, келiсiм-шарттар жасайды, сенiмхаттар бередi, оның iшiнде қайта сенiмгерлiк құқығымен сенiмхаттар бередi, банктерде МӘҰ шоттарын ашады.
41. Құрылтайшы штат санын әлеуметтiк қызмет көрсетудiң мемлекеттiк стандарттарында көзделгеннен кем емес көлемде белгiлейдi.
42. Директор педагогикалық, медициналық және өзге де кадрларды iрiктеудi және орналастыруды қамтамасыз етедi, педагогикалық және медициналық персоналдың жұмысын басқаруды, олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асырады, сондай-ақ МӘҰ-ды балалармен жасақтауға қатысады.
43. Директор МӘҰ қызметiне қатысты бұйрықтар шығарады, еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлердi жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, қызметкерлердi ынталандыру шараларын қабылдайды және тәртiптiк жазалар қолданады.