«Қолданбалы ғылымдар»



бет55/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

6-тарау. МӘҰ басшылығы
35. МӘҰ директор басқарады.
36. МӘҰ директорын уәкiлеттi орган немесе құрылтайшы қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады.
37. Директор МӘҰ жұмысын ұйымдастырады және МӘҰ санитарлық-гигиеналық және техникалық жай-күйi, қамқорлықтағы адамдарды ұстаудың, оларға әлеуметтiк қызмет көрсетудiң сапасы үшiн, сондай-ақ қамқорлықтағы адамдардың МӘҰ аумағындағы әрбiр мертiгуi және табиғи емес өлiм жағдайлары үшiн дербес жауапкершiлiкте болады.
38. Директор сенiмхатсыз МӘҰ атынан әрекет етедi, мекемелер мен ұйымдарда оған өкiлеттiк етедi, заңдарда белгiленген тәртiппен МӘҰ мүлкiн және қаражатын басқарады, келiсiм-шарттар жасайды, сенiмхаттар бередi, оның iшiнде қайта сенiмгерлiк құқығымен сенiмхаттар бередi, банктерде МӘҰ шоттарын ашады.
39. Құрылтайшы штат санын әлеуметтiк қызмет көрсетудiң мемлекеттiк стандарттарында көзделгеннен кем емес көлемде қалыптастырады.
40. Директор медициналық және өзге де кадрларды iрiктеудi және орналастыруды қамтамасыз етедi, медициналық персоналдың жұмысын басқаруды, олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асырады, сондай-ақ МӘҰ-ды қамқорлықтағы адамдармен жасақтауға қатысады.
41. Директор МӘҰ қызметiне қатысты бұйрықтар шығарады, еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлердi жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, оларға ынталандыру және тәртiптiк жазалау шараларын қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет