«Қолданбалы ғылымдар»


Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтiк мекемелерiнде (ұйымдарында) әлеуметтiк қызмет көрсетудiң үлгi ережесi



бет58/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтiк мекемелерiнде (ұйымдарында) әлеуметтiк қызмет көрсетудiң үлгi ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтiк мекемелерiнде (ұйымдарында) әлеуметтiк қызмет көрсетудiң осы үлгi ережесi (бұдан әрi – Үлгi ереже) балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтiк мекемелерiнiң (ұйымдарының) (бұдан әрi – МӘҰ) қызмет тәртiбiн, психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларды МӘҰ-ге қабылдаудың, ұстаудың, шығарудың (шығарып жiберудiң), олардың уақытша кетуiнiң және ауыстырылуының шарттарын және мемлекеттiк және жеке меншiк нысанындағы субъектiлердiң стационар жағдайында оларға арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуiнiң тәртiбiн айқындайды.
Аталған ережеде "бастамашылар" деген ұғым пайдаланылады, бұл ұғым коммерциялық емес ұйымның басқарушы органының жарғысын қабылдау және қалыптастыру үшiн құрылтай жиналысына (съезд, конференцияға) шақырылатын азаматтардың бастамашыл тобын бiлдiредi.
2. МӘҰ:
барлық дәрежедегi ақыл-ой кемiстiгi, оның iшiнде тиiстi мамандандырылған мектеп-интернаттың көмекшi сыныптарында оқуын қиындататын, жүрiп-тұру функцияларының өрескел бұзылуы болғанда (қозғалу қиындығына орай бөгде адамның көмегiнсiз қозғалып жүре алмайтын, өзiне өзi қызмет көрсете алмайтын, жеке күтiмдi қажет ететiн);
барлық дәрежедегi ақыл-ой кемiстiгiмен зағиптығы (нашар көру) немесе кереңдiгi (нашар есту), оның iшiнде мамандандырылған мектеп-интернаттарында оқуын қиындататын жүрiп-тұру функцияларының өрескел бұзылуы болғанда;
ауыр немесе күрделi ақыл-ой кемiстiгi;
жарыместiгi бар сирек ұстамалы (айына 5 реттен жиi емес) эпилепсия (оның iшiнде симптоматиялық);
өнiмдi симптоматикасыз айқын бiлiнетiн ақаулы шизофрения;
бас миының органикалық зақым алғаннан кейiнгi жарыместiгi салдарынан денсаулығының жай-күйiне қарай бөгде адамның тұрақты күтiмiне және медициналық қызмет көрсетуге мұқтаж психоневрологиялық патологиясы бар 3 жастан 18 жасқа дейiнгi мүгедек балалардың (бұдан әрi - балалар) уақытша немесе тұрақты тұруына арналған.
МӘҰ-де әлеуметтiк қызмет көрсетуге:
өнiмдi симптоматикалы шизофренияның болуы;
сериялық ұстамаларға, эпилепсиялық жай-күйге, ақыл-ойдың көлеңкелi жағдайына, дисфорияға бейiм, жиi ұстамалы эпилепсия (айына 5 реттен жиi);
кез келген нозологиялық тиiстiлiк шеңберiндегi психопатияға ұқсас симптоматика;
бала мен айналасындағылар үшiн қауiптi, мiнез-құлқы мен қызығушылығының өрескел бұзылуына ұштасатын психикалық аурулар, сондай-ақ мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емделудi талап ететiн белсендi процесс стадиясындағы туберкулез, карантиндi инфекциялар, терi мен шаштың жұқпалы аурулары, венерологиялық аурулар, ЖҚТБ медициналық қарсы айғақтама болып табылады.
3. МӘҰ заңды тұлға болып табылады, оны құрылтайшы (бастамашы) құрады және өз қызметiн құрылтай құжаттарына сәйкес арнаулы әлеуметтiк қызметтердi ұсыну жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензияның, медициналық, дәрiгерлiк қызметке берiлген лицензияның, сондай-ақ бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына берiлген лицензияның негiзiнде жүзеге асырады.
2. МӘҰ мiндеттерi мен функциялары
4. МӘҰ негiзгi мiндеттерi:
1) балаларға үй жағдайына жақындатылған қолайлы өмiр сүру жағдайын жасау;
2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 26-ө бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2009 жылғы 25 ақпанда N 5566 тiркелген) бекiтiлген халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандартына (бұдан әрi - Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарты) сәйкес арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету;
3) арнаулы әлеуметтiк қызмет кешенiн көрсету кезiнде балалардың жеке қажеттiлiктерiн ескеру болып табылады.
5. МӘҰ негiзгi функциялары:
1) балалардың жеке басының дербес құқықтылығы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
2) нәтижеге:
қозғалыс, сенсорлық, когнитивтiк функцияларды дамыту динамикасына;
қажеттi өмiрлiк дағдыларды қалыптастыруға (өзiн-өзi күту, жеке гигиена, қол өнер, тұрмыстық, еңбек);
балаларды әлеуметтендiру деңгейiн жоғарылатуға, кiрiктiруге бағытталған арнаулы әлеуметтiк қызметтер ұсыну;
3) медициналық оңалтуды жүргiзу, әлеуметтiк, әлеуметтiк-тұрмыстық, әлеуметтiк-еңбек дағды қалыптастыру, қозғалыс, сенсорлық және танымдық функцияларын түзету;
4) қолайлы моральдiк-психологиялық жағдай жасау;
5) балалардың құқықтары, әлеуметтiк қызмет көрсетудiң көлемi мен түрлерi, iшкi тәртiп ережесi туралы балалардың ата-аналарын (заңды өкiлдерiн) хабардар ету;
6) келушiлердi қабылдау жағдайларын қамтамасыз ету;
7) балалардың жеке және бағалы заттарының сақталуын қамтамасыз ету;
8) қамқорлыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж балаларға қатысты МӘҰ әкiмшiлiгiне жүктелген қамқоршылар мен қорғаншылар функцияларын "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы N 321 Заңында белгiленген тәртiппен атқару;
9) еңбектi ұйымдастыруды жетiлдiру және қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру;
10) әлеуметтiк қызмет көрсетудiң сапасы мен тиiмдiлiгiн арттыру және балаларды ұстау жағдайларын жақсарту;
11) МӘҰ-нiң қаржы-шаруашылық қызметiн жүзеге асыру;
12) МӘҰ-нiң құрылтай құжаттарына сәйкес өзге де функциялар.
3. МӘҰ-ге қабылдаудың және онда ұстаудың шарттары
6. Бюджет қаражаты есебiнен арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету үшiн МӘҰ-ге жiберудi облыстық, Астана және Алматы қалаларының халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органдары (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.
7. Меншiк нысаны жеке МӘҰ балаларды қабылдауды шарт негiзiнде жүзеге асырады.
8. Балаларды МӘҰ-ге қабылдау және бюджет қаражаты есебiнен арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету мынадай құжаттардың:
1) арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсету туралы жергiлiктi атқарушы органның шешiмi;
2) баланың ата-анасының (заңды өкiлдерiнiң) бiреуiнiң өтiнiшi (1-қосымша) немесе медициналық ұйымның қолдаухаты;
3) уәкiлеттi органның жолдамасы;
4) баланың туу туралы куәлiгi немесе жеке куәлiгi;
5) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi берiлгенi туралы куәлiгi;
6) жеке әлеуметтiк код берiлгенi туралы куәлiгi;
7) мүгедектiгi туралы анықтамадан үзiндi көшiрме;
8) медициналық картасы (2-қосымша);
9) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (бұдан әрi - ПМПК) қорытындысы;
10) амбулаторлық картадан үзiндi көшiрме;
11) оңалтудың жеке бағдарламасынан үзiндi көшiрменiң негiзiнде жүзеге асырылады.
9. Балаларды меншiк нысаны жеке МӘҰ-ге қабылдау және ақылы негiзде арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету мынадай құжаттардың:
1) баланың ата-анасының (заңды өкiлдерiнiң) бiреуiнiң өтiнiшi (1-қосымша)
2) баланың туу туралы куәлiгi немесе жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;
3) мүгедектiгi туралы анықтамадан (ол болған жағдайда) үзiндi көшiрме;
4) медициналық картасы (2-қосымша);
5) ПМПК қорытындысы;
6) амбулаторлық картадан үзiндi көшiрме;
7) оңалтудың жеке бағдарламасынан (ол болған жағдайда) үзiндi көшiрменiң көшiрмесi негiзiнде жүзеге асырылады.
10. Балаларды ұстау жағдайы:
санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауiпсiздiгi, оның iшiнде өрт қауiпсiздiгi талаптарына сәйкес болуға;
балалардың жоғары белсендiлiгi мен әлеуметтенуiне мүмкiндiк тудыратын тұрмыстық ұқсас, түзете дамыту жағдайларын жасауда жеке қажеттiлiктерi, балаларды бiрге тұру үшiн iрiктегенде психологиялық үйлесiмдiлiгi ескерiлуге тиiс.
11. МӘҰ ғимараты тұру жағдайын, оңалту iс-шараларын өткiзу, демалысы мен бос уақытын ұйымдастыру, оған кедергiсiз бару, орынжай iшiнде және ғимаратқа iргелес орналасқан аумақта тiрек-қимыл аппараты бұзылған балалардың жүрiп-тұруын қамтамасыз ету мақсатында арнайы құрылғылармен жабдықталады.
12. Құрылтайшы (бастамашы) МӘҰ-нiң заманауи техникалық жарақтандырылуын қамтамасыз етедi.
13. Балалар бөлмелерге денсаулық жағдайы, жасы, жынысы және психологиялық үйлесiмдiлiгi ескерiле отырып орналастырылады.
14. МӘҰ-де тұрудың тәртiбi МӘҰ басшылығы бекiтетiн iшкi тұру тәртiбi ережесiмен айқындалады.
15. МӘҰ-де күндiзгi болу бөлiмшелерi ұйымдастырылады, оның қызметi осы бұйрықпен бекiтiлген психоневрологиялық патологиясы бар балаларға арналған жартылай стационар жағдайында әлеуметтiк қызмет көрсетудiң үлгi ережесiмен реттеледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет