6. Арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң әртүрлi түрлерiн ұсынуға талаптар 27. Әлеуметтiк-тұрмыстық қызметтер:
1) берiлетiн тұрғын орынжай, жұмсақ инвентарь санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптарға сәйкес болуға тиiс;
балалардың пайдалануына берiлген жиһаздар, жабдықтар балалардың жасына және психо-физикалық ерекшелiктерiне сәйкес болуға тиiс;
2) ыстық, оның iшiнде диеталық тағамдар сапалы тағамдардан әзiрленуге, балалардың әр жастағы тобы үшiн теңгерiмдiлiгi мен калориялылық талаптарына жауап беруге және "Интернат үйлерiнде, оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтiк қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтiк бейiмдеу орталықтарында қызмет көрсетiлетiн адамдар үшiн заттай тамақтану нормаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1354 қаулысымен бекiтiлген тамақтану нормалары мен көлемiне сәйкес болуға тиiс. МӘҰ басшысы 14 күндiк маусымдық (көктем-жаз, күз-қыс) мәзiрдi бекiтедi;
3) балаларды емдеуге, оқытуға, мәдени шараларға қатысуға тасымалдау автокөлiк құралдарын пайдаланудың нормативтерi мен ережесiн, жол қозғалысы қауiпсiздiгi талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады;
тiрек-қимыл аппараты бұзылған балаларды тасуға арналған автокөлiк құралының салоны қауiпсiздiк белдiгiмен жарақталған болуға тиiс;
4) МӘҰ-де әлеуметтiк-тұрмыстық қызметтердi ұсынуды iшкi бақылауды әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман жүзеге асырады, оның нәтижелерi журналда тiркеледi.
5) жерлеу қызметiн ұйымдастыру (қайтыс болған балалардың туыстары (заңды өкiлдерi) болмағанда немесе олар қайтыс болған адамның мүрдесiн алудан бас тартқан жағдайда).
28. Әлеуметтiк-медициналық қызметтер:
1) "Тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiнiң 2008-2009 жылдарға арналған тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 28 қыркүйектегi N 853 қаулысына сәйкес тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн алуға жәрдемдесу;
2) балаларды медициналық-әлеуметтiк зерттеп тексеру (қажет кезiнде, денсаулық сақтау қызметкерлерiн тарта отырып), емдеудiң, консультация берудiң, алдын алу мен оңалту iс-шараларының медициналық бөлiгiнiң жеке жоспарын әзiрлеу;
3) дәрiгерге дейiнгi көмектi уақытында көрсету;
4) шұғыл медициналық-психологиялық көмектi ұйымдастыру;
5) балалар денсаулығының жай-күйiн күн сайын қадағалау;
6) дәрiгердiң тағайындауына сәйкес медициналық рәсiмдердi жүргiзу;
7) балалар денсаулығының және қажеттiлiгiнiң жай-күйiн ескере отырып, күтiмдi, оның iшiнде санитарлық гигиеналық қызметтер көрсетудi қамтамасыз ету (ысқылау, жуындыру, гигиеналық бұлаулар);
8) емдеу-сауықтыру iс-шараларын ұйымдастыру;
9) оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтiк-медициналық сипаттағы оңалту iс-шараларын өткiзу;
10) техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдарды алуға жәрдемдесу;
11) протездiк-ортопедиялық және есту-протез көмегiн алуға жәрдемдесу;
12) балаларды жоспарлы диспансерлеудi жүргiзу;
13) шұғыл түрде ауруханаға жатқызуды ұйымдастыру және денсаулық сақтау ұйымына балалармен бiрге бару;
14) бала МӘҰ-ден шыққан кезде, әлеуметтiк-медициналық қызметтер көрсетушi мамандардың ұсынымдар беруi;
15) медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзуге жәрдемдесу.
Сауықтыру-емдеу iс-шараларын жүргiзу қажетiне қарай түзетiледi және жеке жоспарда, журналда тiркеледi.
29. Әлеуметтiк-психологиялық қызметтер:
1) психологиялық диагностика және баланы зерттеп тексеру МӘҰ басшылығы бекiтетiн психодиагностикалық жиынтық негiзiнде жүзеге асырылады;
2) диагностиканы, түзеудi, әлеуметтiк-психологиялық консультация берудi жүзеге асырушы, әлеуметтiк-медициналық және медициналық-психологиялық көмек көрсетушi мамандардың жазбаша түрде ресiмделетiн ұсынымдары негiзiнде жеке жоспарды әзiрлеу;
3) балалардың қажеттiлiгiне қарай, әзiрленген жеке жоспарға сәйкес топтық немесе жеке сабақ түрiнде психологиялық көмек көрсету;
4) шұғыл психологиялық және медициналық-психологиялық көмек көрсету;
5) баланың жеке жоспарын түзеу, оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу.
Балалармен жеке және ұжымдық iс-шаралар жүргiзу (оларға қатысқан балалардың саны туралы ақпаратты қоса), оңалту iс-шараларының нәтижелерi мен психологиялық көмектi уақытында көрсетудi бақылаудың нәтижелерi журналда көрсетiледi.
30. Әлеуметтiк-педагогикалық қызметтер:
1) әлеуметтiк-педагогикалық диагностика жүргiзу және баланы зерттеп тексеру;
2) диагностика мен баланы зерттеп тексеру нәтижелерiн жеке жоспарда көрсету;
3) әлеуметтiк-педагогикалық консультация беру және педагогикалық түзеу;
4) балалардың физиологиялық мүмкiндiктерi мен ақыл-ой қабiлеттерiн ескере отырып оқытудың жеке бағдарламасын әзiрлеу;
5) жас ерекшелiктерiн, әлеуметтiк дағдыларын және олардың когнитивтiк дамуын ескере отырып әлеуметтiк дағдыларды қалыптастыру және түзеу-дамыта оқыту үшiн дефектолог мұғалiмдердiң балаларды топтар (сыныптар) бойынша (3 жастан 5 жасқа дейiн; 6 жастан 8 жасқа дейiн; 9 жастан 13 жасқа дейiн; 14 жастан 18 жасқа дейiн) жасақтауы:
өзiне өзi қызмет көрсету және жеке гигиена дағдылары болмаған жағдайда - 6 адамнан асырмай;
қалыптасқан (iшiнара қалыптасқан) өзiне өзi қызмет көрсету және жеке гигиена дағдылары болған жағдайда - 8 адамнан асырмай;
қалыптасқан (iшiнара қалыптасқан) тұрмыстық дағдылары жағдайында - 10 адамнан асырмай;
қалыптасқан қолымен жұмыс iстей алу дағдылары болған жағдайда - 12 адамнан асырмай таратып бөлу (еңбек бағдарын беру бағдарламасын iске асыруға арналған топ 6 адамнан тұратын кiшi топтарға бөлiнедi);
6) бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен арнаулы бағдарлама бойынша МӘҰ мамандарының және (немесе) бiлiм беру ұйымдарының (бiлiм беру қызметтерiн көрсетуге арналған шарт болған кезде) жеңiл және орташа ақыл-ой кемiстiгi бар балаларды оқытуын ұйымдастыру. Күрделi және ауыр ақыл-ой кемiстiгi бар балалар үшiн жеке қажеттiлiктерiнiң негiзiнде әзiрленетiн бағдарламаларға (авторлық бағдарламалар, үлгiлер) сәйкес өзiне өзi қызмет көрсету, жеке гигиена, жүрiп-тұру, сенсорлық және когнитивтiк дағдыларын қалыптастыру жөнiндегi қызмет жүзеге асырылады.
7) өзiне өзi қызмет көрсету, жеке гигиена, әлеуметтiк-тұрмыстық дағдылар, балаларды әлеуметтендiру, оның iшiнде: өзiн өзi бақылау дағдыларын, қарым-қатынас және тыныс-тiршiлiктiң басқа нысандары дағдыларын қалыптастыру үшiн жағдай жасау;
8) жеке және әлеуметтiк мәртебесiн қалпына келтiруге мүмкiндiк беретiн қол шеберлiгi және қолынан келетiн еңбек дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау;
9) тұрмыстық бағдарлау (ас әзiрлеу, дастархан жасау, ыдыс жуу, пәтердi/орынжайды ұстау және өзге де дағдылар) негiздерiне үйрету үшiн жағдай жасау;
10) арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетудiң негiзгi мәселелерiн шешу мақсатында педагогикалық кеңес құру, оның құрамын МӘҰ басшысы бекiтедi;
11) анимациялық қызметтер (топсеруендер, театрларға, көрмелерге бару, көркем өнерпаздар концерттерi, мерекелер, мерейтойлар және басқа да мәдени iс-шаралар) ұсыну жөнiндегi жоспарды, оларды өткiзудiң бағдарламалары мен сценарийлерiн әзiрлеу;
12) балаларды оқытудың, тәрбиелеудiң және қажеттi дағдыларды қалыптастырудың аралық нәтижелерiн тоқсан сайын бағалауды өткiзу.
Балаларды оқытудың жеке жоспарына өзгерiстер енгiзу, түзеу-дамыту және бiлiм беру сипатындағы оқу бағдарламаларын iске асыру, аралық бағалау нәтижелерi жеке жоспарларда, журналда көрсетiледi;
13) жаппай және жеке жұмыс iстеуге арналған барлық кабинеттерге кабинет паспорттары ресiмделедi, оның нысанын әрбiр МӘҰ дербес бекiтедi.
31. Әлеуметтiк-экономикалық қызметтер:
1) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" 2001 жылғы 17 шiлдедегi N 246, "Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы" 2005 жылғы 28 маусымдағы N 63, "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер енгiзу туралы" 2003 жылғы 9 қаңтар N 382, "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуiрдегi N 365 заңдарына және өзге де заңнамалық актiлерге сәйкес тиiстi жеңiлдiктердi, жәрдемақыларды, өтемақыларды және басқа да төлемдердi алуға жәрдемдесу;
2) балалардың жәрдемақыларын МӘҰ басшысы қамқоршылық және қорғаншылық органының алдын ала рұқсатымен жұмсайды;
3) баланың банктiк шотында қалған ақшаны МӘҰ басшысы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2008 жылғы 19 наурыздағы N 72-ө бұйрығымен бекiтiлген Мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерде тұратын мүгедектердiң зейнетақы төлемдерiн және мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларын пайдалану ережесiне сәйкес балалардың жеке мұқтаждығына, қосымша тамақ, бiрiншi қажеттiлiк заттарын, жұмсақ және қатты инвентарь сатып алуға пайдаланады.
32. Әлеуметтiк-құқықтық қызметтер:
1) балалардың құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерiн қорғауға және сақтауға құқықтық көмек көрсету;
2) балалардың мемлекеттiк және мемлекеттiк емес секторда арнаулы әлеуметтiк қызметтер алу құқығымен байланысты мәселелер бойынша консультация беру;
3) балалардың құқығы мен мүддесiн қорғау үшiн сотта өкiлдiктi қамтамасыз етуге;
4) ресми құжаттарды рәсiмдеуге көмек көрсету;
5) жеңiлдiктер мен басымдықтарды және әлеуметтiк төлемдердi алуға заңгерлiк көмек көрсету және жәрдемдесу;
6) жетiм балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға және отбасылық тәрбиенiң басқа да нысандарына құжаттарды ресiмдеуде азаматтарға "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы N 321 Заңына сәйкес заңгерлiк көмек көрсету.