«Қолданбалы ғылымдар»


МӘҰ-ден шығару (шығарып жiберу)



бет62/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

7. МӘҰ-ден шығару (шығарып жiберу),
уақытша кету және ауыстыру шарттары
33. Балаларды МӘҰ-ден шығару:
1) баланың ата-анасының (заңды өкiлдерiнiң) бiреуiнiң өтiнiшi бойынша;
2) мүгедектiгi алып тасталған кезде;
3) бала 18 жасқа толғанда жүзеге асырылады.
34. МӘҰ-де ата-анасының (заңды өкiлдерiнiң) өтiнiшi бойынша баланы сенбi, жексенбi, мереке күндерi, демалыс уақытында, ата-анасының демалысы уақытында және басқа да себептермен әкетуге болады.
Баланың уақытша кетуiне МӘҰ дәрiгерiнiң кету мүмкiндiгi туралы қорытындысы ата-анасының (заңды өкiлдерiнiң) МӘҰ әкiмшiлiгiне өтiнiшi болғанда рұқсат етiледi.
Арнаулы әлеуметтiк қызметтер бюджет қаражаты есебiнен көрсетiлетiн балалар болмаған уақытта МӘҰ басшысының тиiстi бұйрығымен үлестен шығарылады.
Меншiк нысаны жеке МӘҰ арнаулы әлеуметтiк қызметтердi шарт негiзiнде көрсеткен кезде МӘҰ мен балалардың ата-анасы (заңды өкiлдерi) арасындағы бала болмаған уақыттағы қатынастар олардың арасында жасалған шарт (бұдан әрi - шарт) негiзiнде айқындалады.
Ата-анасына (заңды өкiлдерiне) бару сапарымен байланысты шығыстарды МӘҰ өтемейдi.
35. Баланы одан әрi оңалту үшiн арнаулы әлеуметтiк қызметтердi, медициналық және бiлiм беру қызметтерiн ұсынуға лицензиясы бар өзге ұйымға бiр жылға дейiнгi мерзiмге жiберу туралы шешiмдi дәрiгердiң қорытындысын ескерiп және қабылдаушы тараптың баланы ұстау және оған қажеттi күтiмдi қамтамасыз ету туралы жазбаша мiндеттемесi болған кезде МӘҰ әкiмшiлiгi қабылдай алады.
36. 18 жасқа толған балалар медициналық ұйымның қорытындысына және медициналық-әлеуметтiк сараптама комиссиясының қорытындысына сәйкес қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгiдегi МӘҰ-ге, ересектерге арналған психоневрологиялық МӘҰ-ге ауыстырылады не үйiне шығарылады.
37. Әлеуметтiк қызмет көрсетуге медициналық қарсы айғақтамалары болған кезде, балалар арнаулы медициналық ұйымға стационарлық емдеуге ауыстырылады.
38. Бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын балаларды бiр өңiрде орналасқан МӘҰ-ден елдiң өзге өңiрiнде орналасқан МӘҰ-ге ауыстыру, тиiстi өңiрлердiң уәкiлеттi органдарымен келiсiм бойынша жүзеге асырылады.
39. Бала 16 толғанда МӘҰ әкiмшiлiгi оның жеке басының куәлiгiн ресiмдеудi қамтамасыз етедi.
40. МӘҰ басшысы бұйрығының негiзiнде балаларды шығару, уақытша жiберу, басқа МӘҰ-ге ауыстыру, үзiндi көшiрме немесе ауыстыру эпикризiн мiндеттi ресiмдеу жүзеге асырылады.
41. Шығару, уақытша жiберу немесе басқа МӘҰ-ге ауыстыру кезiнде балаға жеке және маусым бойынша өзiне бекiтiлген киiмi мен аяқ киiмi, МӘҰ-де сақталған құнды заттары (құжаттары) берiледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет