«Қолданбалы ғылымдар»


Балаларға үйде қызмет көрсетудi ұсыну, тоқтату және тоқтата тұру жағдайлары



бет70/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

4. Балаларға үйде қызмет көрсетудi ұсыну, тоқтату және тоқтата тұру жағдайлары
11. Арнаулы әлеуметтiк қызметтерге мұқтаж және бiр отбасында тұратын балалар жеке тұлға ретiнде есептеледi.
12. Балаларға үйде қызмет көрсету мынадай құжаттардың негiзiнде жүзеге асырылады:
1) ата-анасының (заңды өкiлдерiнiң) бiреуiнiң өтiнiшi (2-қосымша);
2) баланың тууы туралы куәлiгiнiң көшiрмесi;
3) тұратын жерiнен анықтама;
4) учаскелiк педиатр-дәрiгер немесе жалпы практика дәрiгерi беретiн бала денсаулығының жай-күйi және эпидемиологиялық ортасы туралы медициналық анықтама;
5) тұрғын үй және материалдық-тұрмыстық жағдайларын зерттеп-тексеру актiсi (3-қосымша);
6) ата-анасының (заңды өкiлдерiнiң) бiреуiнiң жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;
7) мүгедектiгi (бар болса) туралы анықтамадан үзiндi көшiрме;
8) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасынан (бар болса) үзiндi көшiрме;
9) психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы;
10) жергiлiктi атқарушы органның арнаулы әлеуметтiк қызметтердi ұсыну туралы шешiмi (арнаулы әлеуметтiк қызметтердi бюджет қаражаты есебiнен көрсету кезiнде).
13. Балаларды бюджеттiк емес қаражат есебiнен үйде қызмет көрсетуге қабылдауға қажеттi құжаттардың тiзбесiн құрылтайшы (бастамашы) өзi дербес айқындайды.
14. Балаларға үйде қызмет көрсетудi тоқтатуға:
1) баланың ата-анасының (заңды өкiлдерiнiң) бiреуiнiң өтiнiшi; 
2) балаларға үйде қызмет көрсетуге медициналық қарсы айғақтамалардың болуы;
3) ата-анасының (заңды өкiлдерiнiң) тұрғылықты жерiнiң өзгеруi;
4) балаларға қызметтер ақылы негiзде көрсетiлген жағдайда – Шарт мерзiмiнiң аяқталуы немесе оның ұзақ мерзiмге бұзылуы негiздеме болып табылады.
15. Балаларға үйде қызмет көрсету оларға стационар немесе жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетiлу кезеңiнде тоқтатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет