«Қолданбалы ғылымдар»


Балаларға үйде көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтiң түрлерi



бет72/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

6. Балаларға үйде көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтiң түрлерi
23. Әлеуметтiк-тұрмыстық қызметтер:
1) отбасы мүшелерiне, баланың ата-анасына жеке күтушiнiң және гигиеналық сипаттағы әлеуметтiк-тұрмыстық қызметтер жөнiнде консультация беру;
2) үйден тыс жерде, оның iшiнде дәрiгерге барғанда iлесiп жүру.
24. Әлеуметтiк-медициналық қызметтер:
1) "Тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiнiң 2008-2009 жылдарға арналған тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 28 қыркүйектегi N 853 қаулысына сәйкес тегiн медициналық қызметтердiң кепiлдi көлемiн алуға жәрдемдесу;
2) дәрiгерлердiң қорытындысы бойынша емдiк заттармен және медициналық нысандағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
3) оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтiк-медициналық сипаттағы оңалту iс-шараларын жүргiзу;
4) тiрек қозғалыс аппараты бұзылған балаларды абилитациялауға және оңалтуға жәрдемдесу;
5) әлеуметтiк-медициналық патронаж;
6) медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзуге жәрдемдесу;
7) әлеуметтiк-медициналық мәселелер бойынша (тамақтану және тұрғын үй гигиенасы, психосексуалдық даму және басқалары) консультация беру;
8) жасына қарай бейiмделу мәселелерiн шешу үшiн санитарлық-ағарту жұмысын жүргiзу;
9) зиянды әдеттердiң пайда болуының алдын алумен және олардан арылумен байланысты кәмелетке толмағандармен жеке жұмыс жүргiзу;
10) оңалту iс-шараларын үй жағдайында жүргiзу үшiн отбасы мүшелерiне әлеуметтiк-психологиялық және әлеуметтiк-медициналық бiлiм негiздерiн үйрету;
11) мұқтаж балаларға сауықтыру қызметтерiн көрсетуге және оларды санаторлық-курорттық емдеуге жiберуге жәрдемдесу.
25. Әлеуметтiк-психологиялық қызметтер:
1) әлеуметтiк-психологиялық патронаж, психологиялық түзеудi жүргiзу;
2) әңгiмелесу, қарым-қатынас, көңiлiн көтеру, белсендiлiкке ынталандыру;
3) баланың және оның отбасы мүшелерiнiң (заңды өкiлдерiнiң) өмiрлiк тонусын психологиялық қолдау;
4) балалармен және ата-аналарымен психологиялық тренингтер жүргiзу;
5) ата-аналарының тәрбие мәселелерiнде хабардарлығын арттыру.
26. Әлеуметтiк-педагогикалық қызметтер:
1) балаларды мектепке дейiн тәрбиелеуге жағдай жасауға жәрдемдесу;
2) балалардың физикалық мүмкiндiктерi мен ойлау қабiлетiн ескере отырып бiлiм (арнайы, жалпы орта және кәсiптiк) алуына жәрдемдесу;
3) әлеуметтiк-педагогикалық патронаж және педагогикалық түзеу;
4) қолынан келетiн тұрмыстық, еңбек және басқа да жеке және әлеуметтiк мәртебесiн қалпына келтiруге мүмкiндiк беретiн дағдыларды қалыптастыруға жағдай жасау;
5) жасөспiрiмдердi тұрмыстық бағдарлау (ас әзiрлеу, дастархан жасау, ыдыс жуу, пәтердi/орынжайды ұстау және т.б.) негiздерiне үйрету;
6) үйде жасөспiрiмдер мен олардың отбасы мүшелерiнiң еңбегiн ұйымдастыруға жәрдемдесу;
7) өз-өзiне қызмет көрсету, тұрмыста және қоғамдық орындарда жүрiп-тұру, өзiн бақылау, қарым-қатынас жасау дағдыларын және өмiр сүрудiң басқа да нысандарын үйрету;
8) анимациялық қызметтер ұсыну (топсеруендер, театрға, көрмелерге бару, көркемөнерпаздар концерттерi, мерекелер, мерейтойлар және басқа да мәдени шаралар), балалардың қызығушылықтарын қалыптастыру және дамыту үшiн клуб және үйiрме жұмыстарын ұйымдастыру және өткiзу, қажет болғанда оларға ерiп бару;
9) балалардың отбасы мүшелерiн үй жағдайында жүрiп-тұру, сенсорлық және когнитивтiк даму негiздерiне үйрету.
27. Әлеуметтiк-экономикалық қызметтер:
1) тиiстi жеңiлдiктердi, жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттердi және басқа да төлемдердi алуға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсартуға жәрдемдесу;
2) мүмкiндiгi шектеулi балалары бар ата-аналарды (заңды өкiлдерiн) жұмыспен қамту мәселелерiн шешуге: жұмысқа орналастыруға, қайта даярлау курстарына жiберуге, уақытша (маусымдық) жұмыс, қысқартылған жұмыс күнiмен жұмыс, үйде iстейтiн жұмыс табуына жәрдемдесу;
3) мүмкiндiгi шектеулi балалары бар отбасылардың өзiн өзi қамтамасыз ету, отбасылық кәсiпкерлiктi дамыту, үй кәсiпшiлiгi мәселелерi бойынша, материалдық жағдайын жақсартудың басқа да мәселелерi бойынша консультация беру.
28. Әлеуметтiк-құқықтық қызметтер:
1) отбасында балаларға немесе олардың отбасы мүшелерiне жасалған дене және психологиялық зорлыққа кiнәлiлердi қылмыстық жауапқа тартуға жәрдемдесу;
2) жұмысқа орналасу, төлқұжат және заңды маңызы бар басқа да құжаттар алу үшiн құжаттарды ресiмдеуде заңгерлiк көмек көрсетуге жәрдемдесу;
3) әлеуметтiк оңалтуға мұқтаж, кәмелетке толмаған балаларды әлеуметтiк қызмет көрсететiн субъектiлерге орналастыруға жәрдемдесу;
4) кәмелетке толмағандардың iсi жөнiндегi комиссияға бала тәрбиесiнен жалтарған ата-аналардың үстiнен ұсынымдар ресiмдеу;
5) балалар мен жасөспiрiмдердi (қажетiне қарай) стационарлық және жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымдарға жiберу үшiн құжаттарды ресiмдеуде көмек көрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет