7. Iс-қағаздарды жүргiзу тәртiбi 29. Үйде қызмет көрсету кезiндегi iс-қағаздарын жүргiзу, олардың болуы, арнаулы әлеуметтiк қызметтердi бақылауды жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн құжаттарды қамтуға тиiс:
1) жылға, тоқсанға арналған жұмыс жоспары;
2) есепке тұру үшiн келген балаларды тiркеу журналы (4-қосымша);
3) балалардың келiп-кету кестесi (аптасына кемiнде екi рет);
4) көрсетiлген әлеуметтiк қызметтер есебiнiң журналы (5-қосымша);
5) жеке жұмыс жоспары (6-қосымша).
8. Үйде қызмет көрсету субъектiлерiн басқару 30. Үйде қызмет көрсету субъектiсiнiң басшысын - уәкiлеттi орган, құрылтайшы (бастамашы) қызметке тағайындайды және босатады.
31. Үйде қызмет көрсету субъектiсiнiң басшысы субъектiнiң жұмысын ұйымдастырады және санитарлық-гигиеналық және техникалық жағдайына, әлеуметтiк қызметтер көрсету көлемiне және сапасына жауапты болады.
32. Үйде қызмет көрсету субъектiсiнiң штат санын қызмет көрсетiлетiн балалардың мұқтаждықтары мен қажеттiлiктерiн есепке ала отырып, бiр әлеуметтiк қызметкердiң (маманның) жүктемесiн ескере отырып, үйде қызмет көрсетудiң басшысы қалыптастырады және уәкiлеттi орган, не құрылтайшы (бастамашы) белгiлейдi.
33. Үйде қызмет көрсету субъектiсiнiң басшысы кадрларды iрiктеудi және орналастыруды қамтамасыз етедi, балаларға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтiк қызметтердi сапалы көрсету бойынша басшылықты, персоналды бақылау және жүктеме бөлудi жүзеге асырады.
34. Жергiлiктi атқарушы орган, құрылтайшы (бастамашы) еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлердi жұмысқа қабылдайды және босатады, қызметкерлердi ынталандыру шараларын қабылдайды және үйде қызмет көрсету субъектiсiнiң басшысына тәртiптiк жаза қолданады.
35. Үйде қызмет көрсететiн субъектiлерде шағымдар мен ұсыныстар кiтабы ресiмделедi, ол әкiмшiлiкте сақталады.
Шағымдар мен ұсыныстар кiтабы балалардың (заңды өкiлдерiнiң) және үйде қызмет көрсететiн субъектi қызметкерлерiнiң бiрiншi талап етуi бойынша берiледi.
36. Шағымдар мен ұсыныстар кiтабын үйде қызмет көрсететiн субъектiлердiң басшылары, бөлiмше меңгерушiсi апта сайын, ал жергiлiктi атқарушы органдар, құрылтайшы (бастамашы) - ай сайын қарайды.
37. Үйде қызмет көрсететiн субъектiлердiң әкiмшiлiгi, құрылтайшы (бастамашы) мен жергiлiктi атқарушы органдар шағымдар мен ұсыныстарға уақытында назар аударуға және өздерiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша тиiстi шаралар қабылдауға тиiстi.
38. Заңды және жеке тұлғалардан қаражат аудару үшiн, бөлiмшенiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен демеушiлiк, қайырымдылық және өзге де шоттары болуы мүмкiн.