2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерi 2.1. Бөлiмше мiндеттi:
1) баланың отбасын арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету жағдайларымен таныстыруға;
2) әзiрленген жеке жұмыс жоспарына сәйкес арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге;
3) белгiленген тәртiпте және көлемде арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге;
4) көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң нәтижесiн баланың дұрыс дамуына бағдарлауға;
5) балаға және оның отбасына құрметпен қарауға, өз мiндеттемесiне қатысты дөрекiлiк, немқұрайдылық танытпауға;
6) Ата-аналар (заңды өкiлдер) тарапынан баланың құқығы бұзылған жағдайда бұл туралы қамқоршы және қорғаншы органға хабарлауға.
2.2. Бөлiмше құқықты:
1) ата-аналарынан баланың дамуы туралы қажеттi мәлiметтердi алуға;
2) қажет болған жағдайда тиiстi мамандарды тартуға.
2.3. Ата-аналары мiндеттi:
1) баланың тәрбиесiне және дамуына белсендi қатысуға;
2) балаға қатысты болып жатқан және арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге байланысты барлық өзгерiстер туралы әлеуметтiк қызметкерге және/немесе Бөлiмшенiң басшысына хабарлауға;
3) әлеуметтiк қызметкерге құрметпен қарауға;
4) осы шарттың жағдайларын сақтауға.
2.4. Ата-аналар:
1) өз баласының дамуы туралы шынайы ақпарат алуға;
2) үйде көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызмет туралы шартты бұзуға құқылы.