«Саяси ойлар тарихындағы басқарудың дұрыс және бұрыс формалары» Орындаған: Махмут Назгүл



Дата17.09.2024
өлшемі0,86 Mb.
#204475
Байланысты:
Назгул

«Саяси ойлар тарихындағы басқарудың дұрыс және бұрыс формалары»

Орындаған: Махмут Назгүл

Тексерген: Асылтаева Эльнура

Саяси ойлар тарихы адамзат өмірінде ерекше орын алатын қажетті ғылыми, мәдени мұра болып табылады. Саяси ілімдер тарихынан хабардар болу, оны танып білу бүгінде жүріп жатқан тіршілік үшін, қоғам, мемлекет үшін өте маңызды. Саяси ойлардың дамуы адамзаттың тарихи даму барысында пайда болған және өзгеріп отырған билік, мемлекет, қоғам және құқық туралы көзқарастар мен теориялар жүйесін қамтиды. Саяси ойлар қоғамның әлеуметтік-саяси құрылымының өзгерістеріне, экономикалық және мәдени даму деңгейіне байланысты өзгеріп отырған.


Саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшылдар
Аристотель
Платон
Конфуций
Демокрит
Сократ

Платон (көне грекше: Πλάτων, б.з.д. 427 — 347) — ежелгі грек философы, математик, Сократтың шәкірті, еуропалық идеализм философиясының негізін салушы. Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді: аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания. Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократ. мемлекетті жатқызды. Платон идялды мемлекет құру туралы жобасында аристократиялық мемлекеттік құрылымды жақтайды және өз жобасының қиындықпен болса да жүзеге асатынына сенеді. Идеалды мемлекет туралы еңбегінде әділдікті әркімнің өз ісімен айналысуынан және басқаның ісіне араласпауынан көреді. Адамдардың әлеуметтік топқа бөлінуі мен олардың арасындағы мүлік теңсіздігін қалыпты жағдай ретінде қарастырады және олардың бір топтан екінші топқа өту мүмкіндігін жоққа шығарады.

Конфуций, (б.з.д 551 жылы, Лу патшалығында туылған – 479 жылы сонда қайтыс болған) – Ежелгі Қытай ойшылы, философ, тарихшы, мемлекет қайраткері, Қытайдағы жергілікті діни мектеп – конфуцийшілдіктің негізін салушы. Конфуций өзінің саяси доктринасын моральды максималарға негіздеді, үлгілі адам концепциясын жасады. Конфуцийдің пікірінше мемлекетті басқарудың үш буыны бар. 1. Әділеттілік; 2. Табиғатты сүю және аялау; 3. Әдет- ғұрыптарды құрметтеу. Конфуций ел басқарудың, адамгершілікті ұстану принципін ұсынды. Басшы адам негізгі шешім қабылдауда адал және шыншыл болып , халқының жағдайын ойлап тұруы керек деген.

Демокрит ( 460 — 370 б.э.д. ) - алғаш рет адамның, адамзаттың, қоғамның пайда болып, қалыптасуын әлемдік даму процесінің бір бөлігі ретінде қарастырды. Демокрит азаматтардың бірігуін, олардың бір-біріне көмектесуін, қорғауын талап етеді. Басқару формаларының ішінде демократияны, аристократияны қолдады.

Демокрит адамның табиғатын түсінуге баса назар аударғандықтан, оның саясат туралы ойлары да осы тұрғыдан қалыптасқан. Ол басқарудың ең жақсы түрі адамдардың бақытты өмір сүруіне мүмкіндік беретін билік формасы деп есептеді. Демокриттің көзқарасы бойынша, мемлекет басқару ісінде заңның рөлі маңызды, өйткені заң барлық азаматтар үшін теңдікті қамтамасыз етеді және қоғамдық тәртіпті сақтайды. Сондай-ақ, ол тирания мен олигархияны сынаған.


Аристотель (б.з.д. 384–322 жж.) — ежелгі грек философы, Платонның шәкірті және Александр Македонскийдің ұстазы. Ол философия, логика, этика, саясаттану, биология және физика сияқты көптеген ғылым салаларының дамуына үлкен үлес қосты. Аристотельдің еңбектері адамзат ой-санасының дамуына ұзақ уақыт бойы ықпал етті.
Аристотельдің ойынша мемлекет – қауымның дамыған түрі. Қауым-отбасының дамыған түрі.
Мемлекет
Дұрыс
Бұрыс
Монархия, аристократия, полития
Тирания, олигархия, демократия
  • Ежелгі грек философы Аристотельдің түсінігінде мемлекет отбасы секілді табиғи даму нәтижесінде пайда болған. Отбасы мен ауылдар – адамдардың өзара араласуының алғашқысы формасы. Мемлекет – араласудың жоғары формасы. Адам – саяси жануар және ол өзінің дамуын мемлекетке келіп тоқтатады.

  • Аристотельдің "дұрыс және бұрыс формалары" ұғымы оның саясат философиясында кездеседі. Бұл ұғымдар қоғамды басқарудың әртүрлі формаларын сипаттайды. Аристотель басқару түрлерін олардың мақсатына және билікті жүзеге асыру жолдарына қарай «дұрыс» және «бұрыс» деп екіге бөлді.
    Дұрыс басқару формалары:
    1. Монархиябір адамның билігі, егер ол жалпы игілікке негізделсе. Бұл басқарудың ең жақсы түрі, егер монарх әділетті және барлық халықтың мүддесін көздейтін болса.
    2. Аристократияазшылықтың билігі, егер ол қоғамның игілігіне қызмет етсе. Бұл формада билікті қоғамның ең дана және ізгі адамдар тобы жүзеге асырады.
    3. Полития — көпшіліктің билігі, егер ол әділдік пен заңдылыққа негізделсе. Бұл демократияның дұрыс нұсқасы, халық билігінің қоғамдық мүддеге негізделген түрі.
    Бұрыс басқару формалары:
    1. Тирания — бір адамның билігі, бірақ ол тек өзінің жеке пайдасын көздейді. Монархияның бұрмаланған түрі болып саналады.
    2. Олигархия — азшылықтың билігі, бірақ ол тек байлардың мүддесіне қызмет етеді. Аристократияның бұрыс түрі.
    3. Демократия — көпшіліктің билігі, бірақ ол заңға немесе әділдікке емес, көпшіліктің қалауларына бағынады. Политияның бұрыс нұсқасы деп саналады.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет