«Қолданбалы ғылымдар»


Үйде қызмет көрсететiн субъектiлердiң балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуiн ұйымдастыру



бет69/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

3. Үйде қызмет көрсететiн субъектiлердiң балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуiн ұйымдастыру
8. Жергiлiктi атқарушы органдар құрған үйде қызмет көрсететiн субъектiлер балаларға қызметтердi үйде арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдi көлемiнiң шеңберiнде, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 26-ө бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2009 жылғы 25 ақпанда N 5566 тiркелген) бекiтiлген Халықты әлеуметтiк қорғау саласында арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсету стандартына (бұдан әрi - Халықты әлеуметтiк қорғау саласында арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсету стандарты) сәйкес көрсетедi. 
9. Меншiк нысанына қарамастан, үйде қызмет көрсететiн субъектiнiң және арнаулы әлеуметтiк қызметтерге мұқтаж балалы отбасылардың арасындағы қатынастар үйде арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету шартымен (бұдан әрi - Шарт) ресiмделедi.
Шартта көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кезеңдiлiгiн және түрлерiн көздейтiн шарттардың, отбасына бекiтiлген әлеуметтiк қызметкердiң (немесе маманның) тегi мен аты, Шарттың бұзылу жағдайлары, тараптардың жауапкершiлiктерi, Шарттың iске асырылу мерзiмiнiң (1-қосымша) болуы мiндеттi.
Арнаулы әлеуметтiк қызметтер ақылы негiзде көрсету шарты, көрсетiлген жағдайлардан басқа, ақы төлеу шарттарын, Шарттың ұзартылуы тараптардың келiсiмi бойынша басқа да шарттарды қамтиды.
10. Үйде қызмет көрсететiн субъектiлер:
1) балалардың жеке iс-қағаздарын бастайды және толықтырып отырады;
2) әлеуметтiк қызметкерлерге (мамандарға) қажеттi техникамен және байланыспен жабдықталған орынжай, диагностикалық, дидактикалық және дамыту материалдарын бередi;
3) арнаулы әлеуметтiк қызмет ұсыну үшiн жағдай жасайды, оның iшiнде:
әлеуметтiк қызметкерлердi (мамандарды) балаларға әлеуметтiк қызмет көрсету жөнiндегi бiлiм, дағды және машықтарды қалыптастыруға ықпал ететiн әдiстемелiк әдебиетпен қамтамасыз ету;
үйде қызмет көрсетiлетiн отбасы мүшелерiне арналған, баланың отбасы жағдайында дамуы үшiн жағдай жасау жөнiндегi үйрету тренингтерiн жүргiзу;
қажетiне қарай әлеуметтiк қызметкерлердi (мамандарды) көлiк құралымен, жол жүру билеттерiмен немесе жол жүру билетi құнының мөлшерiнде ақшалай өтемақымен қамтамасыз ету;
4) үйде қызмет көрсетудi ұйымдастыруда консультациялық көмек көрсетедi, әлеуметтiк қызметкерлердiң (мамандардың) қызметiне басшылық етуi мен бақылауды жүзеге асырады;
5) өзiнiң құзыретiне енетiн мәселелер бойынша қажеттi шараларды қабылдай отырып, шағымдар мен ұсыныстарға уақытында назар аударады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет