1. Жалпыережелер 1. Осы Үйде әлеуметтiк қызмет көрсетудiң үлгi ережесi (бұдан әрi – Үлгi ереже) отбасыларында тұратын мүмкiндiгi шектеулi балаларға, мүгедек балаларға, 1,5 жастан 3 жасқа дейiнгi қатер тобындағы балаларға арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетудiң (бұдан әрi – балаларға үйде қызмет көрсету) шарттарын және тәртiбiн айқындайды.
2. Балаларға үйде қызмет көрсету Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясына, Қазақстан Республикасының "Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 114-IV, "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шiлдедегi N 343, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345, "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуiрдегi N 39 заңдарына, осы Үлгi ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
3. Балаларға үйде арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетудi мемлекеттiк және жеке меншiк нысанындағы субъектiлер (үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшелерi; отбасы және баланы қолдау қызметi; ерте қолға алу қызметi; оңалту орталықтары; медициналық-әлеуметтiк мекемелер мен әлеуметтiк қызмет көрсету нысандарының өзге де құрылымдық бөлiмшелерi) (бұдан әрi – үйде қызмет көрсететiн субъектiлер) жүзеге асырады.
Осы ережеде "бастамашылар" деген ұғым пайдаланылады, бұл ұғым коммерциялық емес ұйымның жарғысын қабылдау және басшы органын қалыптастыру үшiн құрылтай жиналысын (съездi, конференцияны) шақыратын азаматтардың бастамашы тобын бiлдiредi.
4. Балаларда:
ауру процесiнiң белсендi стадиясындағы туберкулездiң
карантиндi инфекциялардың
жұқпалы терi мен шаш ауруларының
венереологиялық аурулардың, ЖҚТБ және басқа да мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеудi талап ететiн аурулардың болуы балаларға үйде қызмет көрсетуге қарсы айғақтамалар болып табылады.
5. Балаларға үйдегi қызметтердi үйде қызмет көрсету субъектiсiнiң штат санында тұратын әлеуметтiк қызметкерлер (әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi консультанттар, күтiм жөнiндегi әлеуметтiк қызметкерлер) көрсетедi.
Балаларға үйде қызмет көрсету кезiнде қажеттiгiне қарай денсаулық сақтау, бiлiм беру саласынан мамандарды тартуға болады.