2. Үйде қызмет көрсету субъектiлерiнiң мiндеттерi мен функциялары 6. Үйде қызмет көрсету субъектiлерiнiң негiзгi мiндетi мұқтаж балаларға, олардың жеке қажеттiлiктерiн ескере отырып, арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету, балалардың үйреншiктi үй жағдайында болуына қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.
7. Үйде қызмет көрсететiн субъектiлердiң функциялары:
1) үйде арнаулы әлеуметтiк қызметке мұқтаж балаларды анықтау және есепке алу;
2) кешендiк сипаттағы арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсету;
3) балалардың және олардың отбасы мүшелерiн (заңды өкiлдерiн) олардың құқықтары, әлеуметтiк қызмет көрсетудiң шарттары, көлемi мен түрлерi туралы хабардар ету;
4) әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi консультанттар мен күтiм жөнiндегi әлеуметтiк қызметкерлердiң еңбегiн ұйымдастыруды жетiлдiру және бiлiктiлiгiн арттыру;
5) үйде қызмет көрсететiн субъектiлердiң құрылтай құжаттарына сәйкес өзге де функциялар.