«Қолданбалы ғылымдар»



бет63/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

8. МӘҰ-нi басқару
42. МӘҰ-нi уәкiлеттi орган (құрылтайшысы, бастамашы) тағайындайтын және жұмыстан босататын басшы басқарады.
43. МӘҰ-нiң әкiмшiлiк-шаруашылық персоналы штатының санын бюджеттiң қажеттiлiгi мен мүмкiндiктерiн ескере отырып, құрылтайшы (бастамашы) өзi белгiлейдi.
Ас үйдiң және асхананың, медициналық, оқу-қосалқы персоналдың штаттық нормативтерiн, сондай-ақ арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсететiн персоналды құрылтайшы (бастамашы) Халықты әлеуметтiк қорғау саласында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандартында көзделгеннен кем емес көлемде белгiлейдi.
44. Басшы:
МӘҰ-нiң жұмысын ұйымдастырады және МӘҰ-нiң санитарлық-гигиеналық және техникалық жай-күйiне, балалардың ұсталуы мен әлеуметтiк қызметтiң көрсетiлу сапасына жауап бередi;
МӘҰ-нiң атынан әрекет етедi, оған мекемелер мен ұйымдарда өкiлдiк етедi, заңнамада белгiленген тәртiппен МӘҰ-нiң мүлкi мен заттарына иелiк етедi, шарттар жасасады, банктерде МӘҰ шоттарын ашады;
кадрларды iрiктеудi және тағайындауды қамтамасыз етедi, персоналдың жұмысына, олардың бiлiктiлiгiн арттыруға басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ МӘҰ-дi балалармен жасақтауға қатысады;
жабдықталған кабинеттердiң болуын ескере отырып, арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету жөнiндегi мамандардың (психолог, логопед, дефектолог мұғалiм, сенсорлық дағдыларды дамыту жөнiндегi дефектолог мұғалiм, музыкалық жетекшi, дене шынықтыру мұғалiмi, еңбек мұғалiмi, ЕШИ, массаж жөнiндегi медбике, әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман) жаңа штаттық бiрлiктерiн қалыптастырады; МӘҰ қызметiне қатысты бұйрықтар шығарады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкермен еңбек шартын жасайды/бұзады, қызметкерлердi көтермелейдi, тәртiптiк жаза қолданады.
45. МӘҰ-де шағымдар мен ұсыныстар кiтабы ресiмделедi, ол МӘҰ-нiң басшысында сақталады және келушiлердiң бiрiншi талап етуi бойынша берiледi.
46. Шағымдар мен ұсыныстар кiтабын МӘҰ басшысы апта сайын, ал уәкiлеттi орган ай сайын қарап отырады.
47. МӘҰ басшысы, құрылтайшы (бастамашы) мен уәкiлеттi орган шағымдар мен ұсыныстарға уақытында назар аударуға және өз құзiретiне енетiн мәселелер бойынша тиiстi шараларды қабылдауға тиiс.
48. МӘҰ заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ақша аударуына арналған демеушiлiк, қайырымдылық және өзге де шоттарды аша алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет