«Қолданбалы ғылымдар»


Жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-ға қабылдау шарттары



бет83/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

3. Жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-ға қабылдау шарттары
6. Жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-ға арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге жiберудi облыстық, Астана және Алматы қалаларының халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырады.
7. Жеке меншiк нысанындағы жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ балаларды қабылдауды келiсiмшарт негiзiнде жүзеге асырады.
8. Балаларды жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-ға қабылдау және бюджет қаражаты есебiнен арнаулы әлеуметтiк қызмет ұсыну мынадай құжаттардың:
1) арнаулы әлеуметтiк қызметтердi ұсыну туралы жергiлiктi атқарушы органның шешiмi;
2) баланың ата-анасының (заңды өкiлдерiнiң) бiреуiнiң өтiнiшi (1-қосымша)немесе медициналық ұйымның қолдаухаты;
3) уәкiлеттi органның жолдамасы;
4) баланың туу туралы куәлiгi немесе жеке басының куәлiгi;
5) салық төлеушiнiң тiркелу нөмiрi берiлгенi туралы куәлiк;
6) әлеуметтiк жеке код берiлгенi туралы куәлiк;
7) мүгедектiгi туралы анықтамадан үзiндi көшiрме;
8) медициналық карта (2-қосымша);
9) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (бұдан әрi - ПМПК) қорытындысы;
10) амбулаторлық картадан үзiндi көшiрме;
11) жеке оңалту бағдарламасынан үзiндi көшiрменiң негiзiнде жүзеге асырылады.
9. Балаларды жеке меншiк нысанындағы жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-ға қабылдау және арнаулы әлеуметтiк қызмет ұсыну мынадай құжаттардың негiзiнде жүзеге асырылады:
1) баланың ата-анасының (заңды өкiлдерiнiң) бiреуiнiң өтiнiшi (1-қосымша);
2) баланың туу туралы куәлiгi немесе жеке басының куәлiгi;
3) мүгедектiгi (болса) туралы анықтамадан үзiндi көшiрме;
4) медициналық карта (2-қосымша);
5) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (бұдан әрi - ПМПК) қорытындысы;
6) амбулаторлық картадан үзiндi көшiрме;
7) жеке оңалту бағдарламасынан (болса) үзiндi көшiрме.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет