«Қолданбалы ғылымдар»


Жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ мiндеттерi мен функциялары



бет82/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

2. Жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ мiндеттерi мен функциялары
4. Жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ негiзгi мiндеттерi:
1) балаларға үй жағдайына жақындатылған қолайлы өмiр сүру жағдайын жасау;
2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2009 жылғы 25 ақпанда N 5566 тiркелген) 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 26-ө бұйрығымен бекiтiлген Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандартына (бұдан әрi – Халықты әлеуметтiк қорғау саласында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандарты) сәйкес арнаулы әлеуметтiк қызметтер ұсыну;
3) арнаулы әлеуметтiк қызмет кешенiн көрсету кезiнде балалардың жеке қажеттiлiктерiн ескеру болып табылады.
5. Жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ функциялары:
1) түпкiлiктi нәтижеге:
жүрiп-тұру, сенсорлық, когнитивтiк функцияларды дамыту динамикасына;
өмiрлiк қажеттi (өзiн өзi күту, жеке гигиена, қол өнерi, тұрмыстық, еңбек және өзге) дағдыларды қалыптастыруға;
әлеуметтендiру деңгейiн жоғарылатуға;
балаларды кiрiктiруге бағытталған арнаулы әлеуметтiк қызметтер ұсыну;
2) медициналық, әлеуметтiк, әлеуметтiк-тұрмыстық, әлеуметтiк-еңбек және еңбек бағытындағы кешендi арнаулы әлеуметтiк қызметтердi жүргiзу;
3) қолайлы моральдiк-психологиялық жағдай жасау;
4) балалардың құқықтары, әлеуметтiк қызмет көрсетудiң көлемi мен түрлерi, Iшкi тәртiп ережесi туралы балалардың ата-аналарын (заңды өкiлдерiн) хабардар ету;
5) еңбектi ұйымдастыруды жетiлдiру және персоналдың бiлiктiлiгiн арттыру;
6) көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң сапасы мен тиiмдiлiгiн арттыру және жартылай стационарлық үлгiдегi МӘМ-де балаларды ұстау жағдайларын жақсарту;
7) МӘҰ қаржы-шаруашылық қызметiн жүзеге асыру;
8) жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-ның құрылтай құжаттарына сәйкес өзге де функциялар болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет