Сабақ тақырыбы. Корпорациялық тәуекелдерді бағалау және басқару.
Жоспар
1. Тәуекелдікті анықтау және өлшеу. Ықтималдықтарды бөлу және күтілген табыстылық. Автономдық (жалпы) тәуекелді нарықтық тәуекелмен салыстыру;
2. Тәуекелді бағалау тәсілдері;
3. Тәуекелді басқару.
Тәуекел мен табыстылық өзара байланысты категориялар ретінде қарастырылады. Олар жеке актив түрінде де біріккен түрде де (қаржылық құралдар) көрсетіледі.
Тәуекел
залалдың пайда болу немесе болжанған нұсқамен
салыстырғанда табыстын толык алынбау ықтималдығы
Қаржылық тәуекел дегеніміз кәсіпорынның қаржылық қызметін жүзеге
асырудын сырткы және ішкі шарттырының белгісіздігімен қалыптаса-тын қатердің
арнайы түрлерінің жиынтығы.
Портфелъдік қаржылық тәуекел дегеніміз қаржылық операциялардың белгілі
түрлерін жүзеге асырумен байланысты қаржылық құралдар жиынтығына тән,
жалпы қатер.
Негізгі түрлері: инвестициялық портфель тәуекелі (бағалы қағаздар жиынтығынан қалыптасқан); несиелік портфель тәуекелі (берілген коммерциялық немесе тұтыну несиесі бойынша дебиторлык берешектен қалыптаскан); депозиттік портфель тәуекелі (коммерциялық банктердегі, кәсіпорындардың депозиттік шоттары жиынтығынан қалыптасқан) және басқалары.
Табыстылықты арттыруда қатерсіз норманың маңызы айтарлықтай зор.
Табыстылықтың тәуекелсіз нормасы - капиталдан немесе табыстан айырылудың нақты қатері жоқ қаржылық (инвестициялық) операциялар бойынша табыстылык нормасы. Бұл көрсеткіш қаржылық операциялар бойынша табыстылықтың қажет нормасын есептеуге негіз ретінде қолданылады.
Қаржылық тәуекел деңгейі- тәуекелдің белгілі түрінің туындау ықтималдығын және потенциалды қаржылық шығындар мөлшерін сипаттайтын көрсеткіш.
Қаржы менеджментінің базалық тұжырымдамалырының бірі –табыстылық деңгейі мен тәуекелдің қатынасы. Ол екі көрсеткіштің тікелей өзара байланысымен анықталады. Осыған байланысты басқа жағдайлар өзгермеген жағдайда қаржылық операциялардың табыстылық деңгейі олардың тауекелінің деңгейімен қатар өседі жэне төмендейді.
Қаржылық тәуекел ықтималдылығы – кәсіпорынға қаржылык шығын (залал) әкелетін, қолайсыз жағдайдың туындау жиілігінің өлшемі.
Бета-коэффициент ( β ) – жеке қаржылық құралдың айырбас курсының немесе барлык қаржылық нарық бағасының жиынтық индексінің динамикасына қатысты олардың портфелінің өзгеру деңгейін сипаттайтын көрсеткіш.
Тәуекел үшін сыйақы – инвесторға тәуекелсіз қаржылык операциялар бойынша алуға тиісті деңгейден артық төленетін (немесе толем қарастырылған) қосымша табыс.
Нарықтық сенімділік сызығы - нақты қаржылық инструмент (бағалы қағаз) бойынша жүйелі қатер деңгейі мен ол бойьшша қажет түсімділік денгейі арасындағы тәуелділікті анықтайтын графиктік әдісі (бұл график қатер факторын есептеудің әдістемелік нұсқасының нақты бөлімін қарастырғанда келтіріліп, қаралады).