Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
Тілдер және менеджмент факультеті
«Бухгалтерлік есептегі және тексерудегі тәуекелдер»
3.Тақырып: Тәуекелді басқару мәні және мазмұны
Орындаған: Лямова А. А. УА – 211 ЖОО
Тексерген: э.ғ.к, қауымдастырылған
профессор Манасова С.С.
Орал 2022 ж.
«Тәуекел» түсінігінің бірнеше мағынасы бар. Тұтастай алғанда, тәуекел – болжамдаған нұсқамен салыстырғанда залалдардың пайда болуы немесе табыстарды кемдеу алу мүмкіндігі. Кең мағынада тәуекелді басқару дегеніміз оларды жоюға немесе азайтуға бағытталған қызмет түрі.
Тәуекелдік – бұл экономикалық дәреже, ол болатын немесе болмайтын оқиғаны көрсетеді. Тәуекелдік – қаржылық дәреже де болады. Сондықтан, тәуекелдіктің көлемі мен дәрежесіне қаржылық механизм арқылы әсер етуге болады. Осындай әсер ету арқылы қаржылық менеджменттің тәсілдерімен ерекше стратегияның көмегімен орындалады. Стратегия мен тәсілдер жиынтығы тәуекелдікті басқару механизмін ұйымдастырады, яғни тәуекелдік – менеджментті.
Сондықтан тәуекелдік – менеджмент – бұл қаржылық менеджменттің бөлімі. Тәуекелдік – менеджменттің функциялары: болжау, ұйымдастыру, реттеу, үйлестіру, ынталандыру, бақылау.
Тәуекелдік менедждмент дегеніміз нарықтық қатынастар мен тәуекелдікті басқару жүйесі. Тәуекелдік менеджменттің құрамына басқару тактикасы мен стратегиясы енеді.
Стратегия – бұл дұрыс және тиімді болжауға негізделген басқару және жоспарлау өнері. Тәуекелдік менедждменті стратегиясының ережелері келесі:
ұтысты барынша көбейту;
нәтиженің оңтайлы ықтималдығы;
нәтиженің оңтайлы ауытқуы;
ұтыс пен тәукелдік көлемінің оңтайлы үйлесімділігі.
Ұтысты барынша көбейту ережесінің мәні: капитал салымдарының мүмкін болатын тәуекел вариаттарының ішінен ең тиімді нәтиде беретін вариант таңдалады, яғни инвестор үшін ең аз тәуекел жағдайында кірісті брынша көбейту варианты.
Мүмкін болатын оңтайлы нәтиже ережесінің мәні: ықтимал нәтиже инвестор үшін тиімді және қаржы менеджерін қанағаттандыратын вариантты таңдау.
Достарыңызбен бөлісу: |