13- дәріс.
Тақырып: Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік
қызметтер көрсету стандарты
Жоспар:1.Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік
қызметтер көрсету стандартымен танысу.
Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік
қызметтер көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.
2. Осы Стандарт өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаға (отбасына) денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге (бұдан әрі – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер) қатысты.
3. Осы Стандартта денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің бірегейлендірілген талаптары мен жалпы қағидаттары, түрі, нысаны және оларды көрсету шарттары белгіленген.
4. Көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасы осы Стандартқа қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мониторингін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |