«Қолданбалы ғылымдар»


Әлеуметтік қызметкерлердің құқықтары



бет18/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

16. Әлеуметтік қызметкерлердің құқықтары 
мен міндеттері
1.Әлеуметтік қызметкердің: 
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласына жаңа әдістемелер енгізуге, ғылыми-зерттеу қызметімен айналысуға; 
2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын сақтаған жағдайда, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы қызметті ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын еркін таңдауға; 
3) кемінде бес жылда бір рет біліктілігін арттыруға құқығы бар. 
2. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын әлеуметтік қызметкер осы баптың 1-тармағында белгіленген құқықтардан басқа: 
1) жергілікті атқарушы органдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға; 
2) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікке бағалау жүргізу және оны айқындау үшін қажетті мамандарды тартуға құқылы. 
3. Әлеуметтік қызметкер: 
1) өзінің кәсіби құзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді меңгеруге; 
2) көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын қамтамасыз етуге; 
3) өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы) туралы құпия ақпаратты жария етпеуге; 
4) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) қатысты кемсітушілікке жол бермеуге; 
5) кәсіби шеберлігін тұрақты жетілдіріп отыруға; 
6) кемінде бес жылда бір рет аттестаттаудан өтуге міндетті. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын әлеуметтік қызметкер, осы баптың 3-тармағында белгіленген міндеттерден басқа, өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудегі қажеттілікке сапалы бағалау жүргізуге және оны айқындауға міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет