«Қолданбалы ғылымдар»


Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін



бет19/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

17. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 
субъектілердің құқықтары мен міндеттері
1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер: 
1) бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған конкурстарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заңнамасына сәйкес қатысуға; 
2) ақылы негізде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге; 
3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыруға; 
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайлардан басқа, арнаулы әлеуметтік қызметтердің көлемі мен түрлеріне бағалау жүргізу және оны айқындау үшін қажетті ақпаратты жергілікті атқарушы органдардан сұратуға және алуға құқылы. 
2. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер: 
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын сақтауға; 
2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін қажетті жағдайлар жасауға; 
3) арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылар мен олардың отбасы мүшелерінің қадір-қасиетін құрметтеуге; 
4) арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылар мен олардың отбасы мүшелеріне адамгершілікпен қарауға және кемсітушілік іс-әрекеттерге жол бермеуге; 
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету кезіндегі құпиялылықты қамтамасыз етуге; 
6) әлеуметтік қызметкерлерді даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет