5. Балалардың үйдегi қызметтерге жеке қажеттiлiктерiн айқындау және жеке жоспарды әзiрлеу 16. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы аудандық (қалалық) уәкiлеттi орган алғаш есепке алған балалардың үйде көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiгi әлеуметтiк қызметкердiң арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi бағалау және айқындау жөнiндегi қорытындысының негiзiнде жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен белгiленедi.
Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы аудандық (қалалық) уәкiлеттi органдардың есебiнде тұратын және үйде қызмет көрсетiлетiн балалар үшiн қызметтердi көрсетудi жалғастыру, осы Ереженiң 12-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынбай-ақ, жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
Балалардың бюджеттiк емес қаражат есебiнен көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiгiн, олардың түрлерi мен көлемiн, үйде қызмет көрсету субъектiсi өзi дербес (әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi консультант қорытындысының негiзiнде) айқындайды.
17. Қажеттiлiктi бағалау және айқындау жөнiндегi әлеуметтiк қызметкер белгiлеген балалардың арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктерi негiзiнде, әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi консультант оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрi - ОЖБ) сәйкес әрбiр балаға бiр жылдан аспайтын мерзiмге жеке жұмыс жоспарын (бұдан әрi – жеке жоспар) әзiрлейдi.
18. Жеке жоспарды әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi консультант баланы қарап бақылағаннан кейiн (қажеттiгiне қарай жеке жоспарды әзiрлеуге немесе оңалту шараларының тиiмдiлiгiн бағалауға денсаулық сақтау, бiлiм беру салаларының мамандары тартылады) оны үйде қызмет көрсету жөнiндегi есепке қойған күннен бастап немесе алдыңғы жеке жоспарының қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн 14 күнтiзбелiк күн iшiнде әзiрлейдi, 5 жұмыс күнi iшiнде толтырады және оны үйде қызмет көрсететiн субъектiнiң басшысы бекiтедi, жеке жоспарда белгiленген мерзiмдерде iске асырылады.
19. Балалардың мұқтаждықтары мен олардың даму динамикасы мамандардың тұрақты (әр тоқсанда кемiнде бiр рет) қарауында болуға тиiс. Тоқсан сайынғы мониторинг, жеке жоспардың орындалуы жөнiндегi аралық нәтижелердi бағалау мен баланың жай-күйiндегi өзгерiс қорытындыларын әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi консультант журналға тiркейдi.
20. Әлеуметтiк қызметкерлер мен тартылған мамандар үйдегi қызметтердi лауазымдық нұсқаулығына және жеке жоспарға сәйкес көрсетедi.
21. Күтiм жөнiндегi әлеуметтiк қызметкерлердiң қызметтiк мiндеттемелерiн орындау сапасы мен әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi консультанттардың (мамандардың) жеке жоспарларды әзiрлеу сапасын үйде қызмет көрсету субъектiсiнiң басшысы ұдайы бақылап отырады.
22. Күтiм жөнiндегi бiр әлеуметтiк қызметкердiң жүктемесi 4-тен 6 балаға дейiн болады және оны үйде қызмет көрсететiн субъектiнiң басшысы қызмет көрсетiлетiн балалардың дамуындағы және қозғалу белсендiлiгiндегi ауытқулардың дәрежесiн, сондай-ақ олардың бiр-бiрiнен қандай қашықтықта тұратындығын ескере отырып белгiлейдi.