«Қолданбалы ғылымдар»


-дәріс.Психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға жартылай стационар жағдайында әлеуметтiк қызмет көрсету үлгi ережесi



бет81/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

11-дәріс.Психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға жартылай стационар жағдайында әлеуметтiк қызмет көрсету үлгi ережесi.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға жартылай стационар жағдайында әлеуметтiк қызмет көрсету үлгi ережесi (бұдан әрi – Үлгi ереже) психоневрологиялық патологиясы бар балалардың (4 сағаттан 10 сағатқа дейiн) күндiзгi болуына арналған медициналық-әлеуметтiк ұйымдары (бөлiмшелерi) (бұдан әрi – жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ) қызметiнiң тәртiбiн, қабылдау шарттары мен мемлекеттiк және мемлекеттiк емес меншiк нысанындағы субъектiлердiң оларға арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсетудiң тәртiбiн айқындайды.
Аталған ережеде "бастамашылар" деген ұғым пайдаланылады, бұл ұғым коммерциялық емес ұйымның басқарушы органының жарғысын қабылдау және қалыптастыру үшiн құрылтай жиналысына (съезд, конференцияға) шақырылатын азаматтардың бастамашыл тобын бiлдiредi.
2. Жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ:
қимылдау функцияларының тиiстi мамандандырылған мектеп интернаттарында бiлiм алуын қиындататын өрескел бұзылуы орын алған (бөгде адамның көмегiнсiз жүре алмайтын, қимылдарының бұзылу ауырлығына қарай өзiне өзi қызмет көрсете алмайтын, жеке күтiмдi талап ететiн) жеңiл және орташа дәрежедегi ақыл-ой кемiстiгi;
ауыр немесе күрделi дәрежедегi ақыл-ес кемiстiгi;
миға келтiрiлген органикалық зақымдардан кейiнгi жарыместiк салдарынан денсаулығының жай-күйi бойынша әлеуметтiк қызмет көрсетуге мұқтаж 3 жастан 18 жасқа дейiнгi психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балалардың (бұдан әрi - балалар) күндiзгi болуына арналған.
Адамның қатты бiлiнетiн ақауынсыз, симптоматикасы өнiмдi шизофренияның
ұстамалары жиi (айына 5 реттен артық) болатын эпилепсияның, сериялық ұстамаларға, эпилептикалық статусқа, сананың қарауытқан күйiне, дисфорияға;
кез келген нозологиялық тиiстiлiк шеңберiндегi психопат тәрiздес симптоматикаға бейiм болуы;
қызығушылығы мен мiнез-құлқының өрескел бұзылушылықтарымен сипатталатын, баланың өзiне және айналасындағыларға қауiптi психикалық аурулардың болуы, сондай-ақ мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеудi талап ететiн белсендi процесс стадиясындағы туберкулездiң, карантиндi инфекцияның, жұқпалы терi мен шаш ауруларының, венереологиялық аурулардың, ЖҚТБ болуы жартылай стационарлық үлгiдегi МӘМ-де әлеуметтiк қызмет көрсетуге қарсы айғақтамалар болып табылады.
3. МӘҰ заңды тұлға болып табылады, оны құрылтайшысы (бастамашысы) құрады және өз қызметiн арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензияның, медициналық, дәрiгерлiк қызметке лицензияның, сондай-ақ бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына лицензияның негiзiнде құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет