Жүзуден жарыс ұйымдастыру және өткізу
Жоспары:
1.Жарыстың ережесін талдау
2.Жарыстар күнтізбесі, жарыстың өту тәртібі, жарыстың бағдарламасы, жарысты өткізуге арналан дайындық жұмыстар топтастыру
Спортта пайдаланалатын үлгілер негізінен екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа жататындары: 1) жарыс қызметінің кұрылымын сипаттайтын үлгілері; 2) спортшы әзірлігінің түрліше жағын сипаттайтын үлгілер; 3) ағзаның морфологиялық ерекшелігін және жекелеген функционалды жүйелердің мүмкіндіктерін, спорттық шеберліктің тиісті деңгейіне жетуді қамтамасыз ететін морфофункционалды үлгілер. Үлгілердің екінші тобы: 1) спорттық шеберліктің қалыптасуының ұзақтығы мен серпінін, көпжылғы ауқымдағы әзірленгендікті, сондай-ак макроциклдер шептерін білдіретін үлгілер; 2) жаттығу жүйесінің әзірліктің көпжылғы сатылары макроциклдер кезендер ірі құрылымын жасаудың үлгілері; 3) кезеңдер аралық макроциклдегі жаттығу үлгілері; 4) жаттығу сабақтары мен олардың бөліктерінің үлгілері; 5) жекелеген жаттығулар, олардың кешендерінің үлгілері жатады.
Ұзақ мерзімді 1-4 жыл ішіндегі жарыстарда спорттық іріктеу, әзірлік және қатысу жүйесін оңтайлы ұйымдастыруға бағытталған, Осындай болжау мына міндеттерді шешуде айырықша маңызы бар:
-спорттың түрліше түрінде жоғары көрсеткіштерге жетуге қабілетті спортшыларды іріктеу;
-спортшылардың спорттық денгейі бір нақты түрде жоғары көрсеткіштерге жетуге бағдарлау, спортшылардың жеке мүмкіндіктерін барынша пайдалануға сүйенген жарыс ісінің техникалық-тактикалық перспективалы үлгісін тануы;
-жаттығу жүйесінің оңтайлы құрылымын, жүктеме серпінін, әзірліктің анағүрлым ықтимал дамуын, спорттық шеберліктің түрліше компонентін қалыптастыруды анықтау;
-бәсекелестердің құрамын олардың техникалық-тактикалық жағынан жарақаттануын, дене бетімен мінез-құлқы жағынан әзірлік деңгейін, жарыс ісіндегі ерекшеліктерін анықтау;
-алдағы жарыстың жағдайын, өткізілу тәртібін, ауа-райы жағдайын әділ қазылардың қабілетін. жабық құралдарды зерттеу;
-жеңіске жетуге қажетті спорттық нәтижені анықтау, әзірліктің сипатын, оның жеңіс нәтижесін қамтамасыз ететін жайын білу.Шамадан тыс ұзақ уақыт мерзімді болжау дүние жүзіндегі спорттың дамуының жалпы мүмкіндіктерін, оның коғам өміріндегі ролінің өзгерісін, әзірліктің әдістерін жетілдіру мүмкіндіктерін әділ қазылар ерекшеліктерін, әзірлік пен жарыстардың материалдық-техникалық құралдарын анықтап білуге бағытталған. Спорттың жекелеген түрлерінде спорттық жоғары шеберлікті қалыптастыру қарқынын, көпжылдық әзірліктің мерзімдері мен құрылымдарының үйлесімін, жоғары жетістіктер деңгейінде өнер көрсету мерзімін ұзарту жолын болжаудың мәні зор.Алда көрсеткендей, спорттың түрлерін әзірлік /материалдык-техникалық және ұйымдық жағынан қамтамасыз ету әдістемесіне кағидалық өзгерістер 10-15 жылда ұдайы өзгеріп отырады. Осы өзгерістерді алдын-ала көре білу, әзірліктің әдісі дамуын дәйекті түрде қамтамасыз ету шешуші фактор ретінде шамадан тыс уақыт мерзімде болжаудьщ тиімділігін анықтап береді.Спорттағы үлгілер.Жаттығу жүйесін басқарудың тиімділітін түрліше үлгілерде пайдалануға байланысты. Үлгі деген ұғым нендей бір нысананың жүйе мен кұбылыстың ойша немесе шартты тұрғыда бейнесін білдіреді. Үлгілерді жасау, оны пайдалану спорттық әзірлік жүйесін үйлестіру және жарыстарға қатысу, зерттеу қажетті үлгілерді пайдалану үшін нақты анықтамаларымен сипаттауды нақты үлгілер жасаумен тығыз байланысты. Спорттың ілімі мен тәжірибесінің міндеттерін шешуде үлгілердің атқаратын сипаты әр түрлі. Біріншіден, үлгілер нысана орнына пайдаланылады. Үлгіге арналған зерттеулер сол нысананың өзі жөнінде жаңа мәлімет алуға жәрдемдеседі. Үлгімен зерттеу жасағанда үлгінің құрлымы мен қызметі жөнінде жаңа білім алынады. Үлгі туралы білім тексерілген соң алынған ілімдік ақпарлар нысана ілімінің құрамды бөлігі болуы мүмкін. Екіншіден, үлгілер білімді қорыту үшін пайдаланылады, спорт саласында жүйелер мен құбылыстарды заңды байланыстарын білдіреді. Үлгілік түсінікті және жүзеге асырылған үлгілерде қайта өңделген білім тиісті ілімдік қорытынды жасауға себепші болады. Үшіншіден, үлгілер тәжірибелік түрғыда жүргізілген ғылыми жұмыстар спорт саласындағы істерге орасан зор ықпал жасайды, мұнда ілімдік білім алу үлгілерді талдау маңызды емес, қайта оның іске енгізілуі тиімді. Сондықтан да, гаисыз морфофункционалы үлгілер сортта іріктеу, бағдарлау, жаттықтыру жүйесін жасау кезінде үлгілер әзірленгендіктің жарыс ісінің міндеттерін шешуде ерекше роль атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |