«Қолданбалы математика» 11-класс Дайындаған: Салықбаева М.Қ. математика пәні мұғалімі Аққайтым ауылы 2017-2018 оқу жылы «Жаңақоныс орта мектебі»



бет6/9
Дата14.09.2022
өлшемі55,86 Kb.
#149482
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
таңдау курсы 10-11

«Математика-айнымалылар әлемі»

10-класс


Дайындаған:Салықбаева М.Қ
математика пәні мұғалімі

Аққайтым ауылы


2018-2019 оқу жылы

Шалқар аудандық эксперттік комиссиясында қаралып,мектепшілік қолдануға ұсынылды


Хаттама №_____«___ »____________2018жыл
Аудандық эксперттік комиссия төрағасы:Ә.О.Оспанова
Әдістемелік қурылымдық
бөлімшенің меңгерушісі

«Жаңақоныс орта білім беретін мектебі» КММ


Математикапәні мұғалімі М.Қ.Салықбаеваның
« Математикада айнымалылар әлемі»
атты таңдау курсы бағдарламасына

ПІКІР

«Математикада айнымалылар әлемі» атты таңдау курсы 10-сыныпқа арналған,сыныптың материалы 34-сағатқа бөлінген.
Курс бағдарламасын құруда И.П.Рустюмова, С.Т.Рустюмовалардың басшылығымен құрастырылған «Математикадан нұсқаулық» және «ЕНТ» , М.И.Сканавидің «Сборник задач по математике» атты оқу-әдістемелік нұсқаулық құралдары басшылыққа алынған.
Курс негізгі және орта мектеп курсын бітірушілерге арналғандықтан алгебра және геометрия салалары бойынша барлық тақырыптар іріктелген. Курс барысында күрделі,текстік есептер,жоғары деңгейдегі есептер, олимпиада есептері,логикалық есептер қамтылып,оларды шығарудың тиімді жолдары көрсетілген,тест тапсырмалары қамтылған.
Бағдарлама оқушылардың есеп шығару дағдысын арттыруға және күрделі есептерді шығарудың тиімді жолдарын меңгертуге құрылғандықтан тәжірибеге еңгізуге ұсыныс жасаймын.

Жаңақоныс орта мектебінің


оқу ісі жөніндегі меңгерушісі: Ж.Балымбет


Түсінік хат
Математикада таңдау курс оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктер мен мүмкіндіктері,пәнге деген ұмтылыстары,оны меңгеру деңгейлері ескеріледі.
«Анализ бастамалары» бөлімі төменгі сынып алгебра курсының жалғасы және математикалық анализ элементтерін оқып үйренудің бастамасы болып табылады.Оқушылар меңгеруге тиіс білім және біліктілігі,сонымен бірге кіреді,олардың білім сапасының жоғары болуына көңіл бөледі.Оқушылар теориялық материалдарды нақты әрі тура тұжырымдауға және есептер шығаруға өз ойларын жеткізе білуге математикалық терминдерді дұрыс пайдалануды меңгеру қажет.
Математикадан қолданбалы курс оқыту ең алдымен оқушылар білімін дамыту,жаттығулар орындауда іскерлік дағдысын қалыптастыру,негізгі бағдарламалық материалдарды жоғары дәрежеде меңгеруді көздейді.Оқушылар өз бетімен жұмыс істеуіне,теориялық материалды талдап түсінуіне көмектеседі.
Қолданбалы курс өмір өзі талап етіп отырғандай қолданбалы бағытта оқыту-оқушыларға кәсіптік бағдар беру.
Математиканың қолданбалы бағытын көрсету оқушылардың қөз-қарасын қалыптастырады.Математика сабағында теориялық материал мен есеп шығару материалын тығыз байланыстырып,оқушының нақты да жүйелі математикалық бейімділік дағдысын қалыптастырады.Себебі бұл дағды математиканы әрі қарай меңгеруіне,оны өмірде,кәсіпте қолдануға қажет болады.Математикалық анализдің элементтерін оқып-біле отырып,оқушылар оның қолданбалы мүмкіндігін бағалап және меңгеру дағдысын ашады.
Оқушыларға терең және тиянақты білім беру,оқу пәндерін өзара байланыстыру,ойлау,пікірлесу қабилеттерін дамытуға қатысты материалдарды ұштастыра оқыту арқылы оқушылардың білімдері мен икемділіктерін,өз ойларын жеткізе алу дағдыларын жетілдірудң мәні ерекше.
Негізгі мектеп курсында тақырыптарда кейбір мәселелер толық ашылып,айтылмағандықтан,жаратылыстану-математика бағыттағы сыныптарға таңдау курсына «Математикада айнымалылар әлемі» курсы алынып отыр.Бұл материалдарға қосымша,жаңа түсіндірулер,ұғымдар туралы тарихи мағлұматтар енгізіліп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет