Күтілетін нәтіже
-математикалық білігі мен білімін нақтылауды ;
- математикалық ой тұжырымдарын жазбаша және ауызша баяндайды;
- математикалық ережелер,қағидалармен формулаларды есептер шығарғанда еркін пайдаланады;
- тригонометриялық,көрсеткіштік,логарифмдік және кез келген теңдеулер мен теңсіздіктер шешімін таба білу,өрнектерді ықшамдай алады;
-элементарлық функциялардың қасиеттерін білу және оларды зерттеуде,графиктерін салуда қолдана алады;
-әртүрлі геометриялық фигуралар мен денелердің сызбаларын дұрыс сала біледі;
-бағдарламамен ғана шектеліп қалмай өз бетімен шығармашылық жұмыс істеуді,ізденуді(өз бетімен есептер құрастырып,оларды шеше алады)үйренеді.
Аптасына-1 сағат,барлығы-34 сағат
Рационал функциялар.(3-сағат)
- алгебралық өрнектерді түрлендіру,ықшамдау;көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу;алгебралық теңдеу мен теңдеулер жүйелерін шешу әдістері;теңдеу түбірлері;рационал теңсіздіктерді шешу;интервалдар әдісі.
Иррационал функциялар.(3-сағат)
- иррационал алгебралық өрнектерді түрлендіру,ықшамдау;көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу,иррационалдықтан арылу;иррационал теңдеу мен теңдеулер жүйелерін шешу әдістері;теңдеу түбірлері,бөгде түбірлер;иррационал теңсіздіктерді шешу.
Сан тізбектері.(2-сағат)
- сандар тізбегі,бірсарынды тізбектер;аналитикалық және рекуррентті тізбектер;прогрессиялардың қасиеттері,мүшесі мен қосындысын табу формулаларын есеп шығаруда қолдану.
Мәтіндік есептер(4-сағат)
- мәтін есептерді шешу стратегиясын білу;мәтін есепті теңдеу түріне келтіру;қозғалыс,жұмысқа байланысты есептер;қоспаларға байланысты есептер;мәтіндік есептер шығаруда қатынас және пропорция құрастыра білу;тура және кері пропорционалдықты анықтау.
Тригонометриялық функция. (3-сағат)
- тригонометриялық өрнектерді ықшамдау,тепе-теңдіктерді дәлелдеу;тригонометриялық функциялардың қасиеттері;тригонометриялық функцияларды зерттеу,олардың графиктері;тригонометриялық теңдеу мен теңсіздіктер және олардың шешілуі.
Достарыңызбен бөлісу: |