-
-
- Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Білім және ғылым» кызметкерлерінің съезінде сөйлеген сөзінде: «Бізге тыным таппайтын аралардан гөрі, өзінше ойлай білетін мамандар көбірек керек. Бұл үшін өмір бойына жететін білім алу моделіне көшуге тиіспіз», деген болатын. Білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс – тәсілдерін қолдана отырып, терең, білімді, іздемпаз, барлық іс – әрекеттерінде шығармашыдық бағыт ұсынып, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдылық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетінің дамуына жол ашуы қажет. Қазіргі жаңа оқыту технологияларының алдына қойған мақсаты бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның жеке тұлғасын білім арқылы дамыту.
- Жеке тұлға - бұл адамның психологиялық, рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән. Жеке тұлғаның өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынандай қасиеттер қалыптасады:
- Өз бетінше ойлау біліктері мен іздемпаздығы
- Берілген білімді игеру ғана емес,оны жаңалап және тиімді игеру жолдарын түсіне білу ниеті
- Оқуға деген қабілетінің артуы
- Басқа оқушылардың түсіндірмелеріне сын көзбен қарау
- Жеке тұлғаға бағытталған сабақ дегеніміз - бұл мұғалімнің шығармашылық орта қалыптастыруы ғана емес, оқушылардың субъект ретіндегі өмірдік тәжірбиесін үнемі назарда ұстауы, сол тәжірбиеге сүйенуі. Ең маңыздысы – әр оқушының ерекше болмасын, тұлғалақ қасиеттерін мойындау. Жеке тұлғаға бағытталған сабақ дегеніміз – оқушыға деген құрмет, ізгі қатынас, оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылады, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту алаңы. Мұғалім оқушының пәнге деген қызығушылығын туғызуда басты рол атқарады. Біріншіден, оқушының мүддесіне сай жеке тұлғалық , өзіндік қызыметін қалыптастырады, бұл істің келешектегі мәнін түсіндіріп береді. Сонымен бірге мұғалім жаңа мәселелерді шешетін қызмет мәнін жаңартып оқушы тұлғасының білімінің артуына септігін тигізеді. Әр сабақ тиімді өту үшін, сабаққа дайындалу барысында әр сынып оқушыларының ерекшеліктерін есепке алу қажет. Әр сабақты жақсы өткізу үшін мүмкіндік беретін ережелерді есте сақтап , оның орындалуын қадағалап отыру керек. Бұл ережелер:
-
- 1. Сабақтың тақырыптағы орнын анықтау , сабақтың жалпы міндетін бөлу.
- 2. Сабақ тақырыбына қатысты үш түрлі, ғылыми, ғылыми – көпшілік,әдістемелік кітаптарды таңдап алу , олардың мазмұнымен танысу.
- 3. Оқу бағдарламасын қарап шығу, түсіндірме хатты қайта оқып , берілген тақырып бойынша стандарт талаптарын анықтау.
- 4. Оқулық материалын еске түсіру , тірек білім , білік , дағдыны бөліп алу.
- 5. Сабақ міндеттерін нақтылау , басты міндеттерді бөліп алу , оны оқушыларға түсінікті , олар қабылдай алатындай етіп тұжырымдап жоспарға жазу.
- 6. Сабақта оқушы нені түсіну керек , нені есте сақтау керек , нені біліп , сабақтан нені үйренуі керектігін анықтау.
- 7. Оқушыларға оқу материалын қандай көлемде , қандай мөлшерде баяндау керек , жетекші идеяларды дәлелдейтін қандай қызықты деректерді келтіруге болатынын анықтау.
- 8. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жеке бастарының психологиясын жете біліп , әр оқушының жүрегіне жол таба білу.
- 9. Әр сатақты өз дәрежесіне жеткізу.
- Оқушылардың білімін бақылаудың әр түрлі формаларын пайдалану үлгермеушіліктің алдын алу, әр оқушының, жеке белсенді жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Әр оқушының білімін жеке бақылауда мынандай жұмыстар атқарамын
- Ауызша бақылау жұмыстарын жүргізу
- Жазбаша бақылау жұмыстарын жүргізу
- 1. Ауызша бақылау жұмыстарын жүргізу – бұл оқушылардың ойлау қабілетін, зейінін, жеделдетіп есептеу білігін дамытуға ықпал етеді.Ауызша жұмыс жүргізудің көбінесе мынандай түрің қолданамын: 4-5 оқушыны тақтаға шығарамын да оларға тапсырма беремін. Дайындалғаннан кейін әр оқушы жеке – жеке өз сұрақтарына жауап береді, ал басқа оқушылар осы жұмыс процесіне қатысады, жауаптарын өз мүмкіндіктерінше толықтырып отырады. Осындай жұмыс барысында көптеген оқушылардың білімі тексеріліп, бағаланады.Мысалы, «Пропорцияның негізгі қасиеті» тақрыбы бойынша ауызша бақылау сұрақтар.
- а. Пропорцияның негізгі қасиеттерін тұжырымдаңдар. Мысал келтіріңдер.
- ә. 15 : 7=18 : 6 теңдігі пропорция бола ма?
- б. 5,2 ; 4 ; 2 ; 2,6 сандарынан пропорцияны құрастыр.
- в. 0,35: х=0,7 :1,2 теңдеуін шеш.
- г. Теңдеуді шешуде қандай қасиетті пайдалануға болады.
- 2. Математикалық диктант – қайталауға берілген тақырып бойынша сұрақтар, бұнда ережелерді, формулаларды, алгоритімдерді, қасеттерді, яғни теориялық білімді қаншалықты меңгергенін және оларды пайдалану білігі мен дағдысын тексеруге болады.Диктантқа енгізілген сұрақ, тапсырмалар қысқа және анық болу керек. Мысалы:5-«Бөлшектердің негізгі қасиеті. Бөлшектерді қысқарту» тақырыбына арналған сұрақтар.
- 1.Сөйлемді толықтырыңдар: Егео бөлшектің алымымен бөлімін ... , онда оған тең бөлшек шығады.
- 2.10/20 бөлшегінің алымы мен бөлімін 10 ға бөліп одан шығатын теңдікті жазыңдар.
- 3.2/3бөлшегінің алымы мен бөлімін беске көбейтіп, одан шыққан бөлшекті жазыңдар.
- 4.1/2 бөлшегінің бөлімін 4, ал 5/6 бөлшегінің бөлімін 30, санына келтіріңдер.
- 5. Екі қысқарылмайтын дұрыс бөлшек жазыңдар.
- Тест - бұл белгілі бір кезеңде оқушының дайындығының сапасын диагностикалауға мүмкіндік береді.
- Білімді анықтауға берілген тапсырмалар
- Білімді қолдануға берілген тапсырмалар
- Білімді анықтауға
- берілген
- тапсырмалар
- 4. Жазбаша бақылау жұмыстарын жүргізу оқушылардың математикадан білім, білік, дағдысын ағымды және қорытындылап тексеру үшін аса маңызды.
- Математика сабағында қызықты, ойын есептер шығаруға көп көңіл бөлемін. .Қызықты есептер оқу материялының меңгерілуін және ойлау процесінің тиімділігін анықтайды.Мұндай есептер оқушының ойлау операцияларын дамытуға, математикалық түсініктерін қалыптастыруға жағдай жасайды.Қызықты есептер шығару көбінесе байқап көріп іздену процесімен жүреді. Ойша болжай білу әр жеке тұлғаның бойындағы тапқырлық пен аңғарымпаздықты байқатады. Тапқырлық – шығармашылықтың ерекше көрінісі, оны талдау, салыстыру, байланыстарды анықтау, тұжырымдау, ой қорту нәтижесінде байқауға болады.
- Қорыта келгенде осы жаңа технологиядан жеткен жетістігім оқушылар өздігінен білім алуға, шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамытуға бағыт ала – алады. Сөздік қорларын молайтуға ойын, сөзін тиянақты жеткізуге, жинақы, дұрыс сөйлеуге, берілген сұрақтарға нақты, толық жауап беруге дағдыланады. Мұғалім сабаққа дейін жұмыс жасаса, ал сабақ кезінде оқушыларға тек бағыт- бағдар беруші ғана бола алады.
- Жаңа технологияның тиімділігі осында деп түсінемін. Бүгінгі қоғамға, мектепке керегі де осылар деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |