Бірінші әндер «Домбыра» тобына арналады. «Жаңа жыл» әні
«Ертегілер» әні
«Өмір өзен» әні
«Құстар қайтып барады» әні
«Ана туралы жыр» әні
Енді «Нота» тобына арналады. «Бәрі жақсы болады» әні
«16 қыз» әні
3. «Алматы түні» әні
4. «Балалық шақ» әні
5. «Ұстазым менің ұстазым»
Міне, осымен бірінші бөлім әндерінің шеруі аяқталды.
2 бөлім: Келесі сайысымызда сұрақ-жауап арқылы теориялык білімдеріңді сарапқа саламыз, музыка пәні бойынша музыкалық сұрақтар
Әнді шығаратын адам:
а) вокалист ә) сазгер б) ақын
Мына суреттегі тұлға кім? (Нұрғиса Тілендиев — композитор, дирижер, күйші)
Өзі құстың да аты, әннің де аты: а) Мектебім, б) Анашым, в) Бұлбұл.
«Қазақтың бұлбұлы» атанған атақты әнші:
а) Бибігүл Төлегенова, ә) Роза Бағланова, б) Мақпал Жүнісова.
Мына сөздер қай әнде кездеседі:
Угай — ай, Ән салшы-ай
а) Бипыл, ә) Бір бала, б) Қамажай.
«Қазақ вальсінің королі» мына суреттегі тұлғаны табыңыз (Шәмші Қалдаяқов ).
«Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық-ай» әндерінің авторы
а) Ыбырай Алтынсарин, ә) Сәкен Сейфуллин, б) Абай Құнанбаев
Қазақ елінің ауыр кезеңін суреттейтін ән
а) Елім-ай, ә) Қазақстан, б) Атамекен.
Мына әндердің ішінен қазақтың халық әнін тап
а) Желсіз түнде жарық ай, ә) Угай-ай, б) Қанеки, тілім, сөйлеші
Сызылған үні, сүйкімді тілі,
Үрлесең ойнайтын аспаптың бірі
а) Қылқобыз, ә) Домбыра, б) Сыбызғы.
3 бөлім: Презентацияда смайлик пен суретке қарап өлеңнің атын айту.
4 бөлім: « Жұлдыздар дауысы» сайысы . Бұл сайыста әннің орындаушысы кім екенін табуымыз керек.
«Отан-Ана» әні — Батырхан Шукеев
5 бөлім: Әннің де естісі бар, есері бар — дегендей әрбір әнді айтарда мәніне , мағынасына, мазмұнына қарай таңдай білуіміз керек.
Бұл әнде – бір малдың төлі туралы айтылады/ Қошақан/
Бұл әнде – аңыз, қиял туралы айтылады/ Ертегілер/
Бұл ән – қағаз, қалам ұстаткан адам туралы айтылады/Ұстазым/
Еліміздің жүрегі, әдемі қала туралы ән/ Астана/
Кіндік қаны тамған жер туралы ән / Отан/
Анасының сәбиіне айтатын ән / Бесік жыры/
Қазақтың ұлттық аспабы туралы ән / Домбыра/
Қазақтың қонаққа жаятын байлығы туралы ән / Дастархан/
Білім ордасы туралы ән / Мектебім/
Ата-ананың анасына арналған ән / Асыл әжем/
Осымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Әділ-қазыларға сөз беріледі. Марапаттау рәсімі.
Бүгінгі сайысымыз сіздердің музыкаға деген аз да болса сүйіспеншіліктеріңді, ынталарыңды арттырды деген үміттемін. Өнерлеріңіз өркендей берсін!
Сау саламатта болыңыздар!