Қол және аяқ қаңқасы сүйектері сырттай ұқсас көрінгенімен атқаратын қызметіне қарай, пішіні және мөлшері жағынан айырмашылықтары болады. Қолдың сүйектері аяқ сүйектеріне қарағанда жіңішке, әрі жеңіл және бір-бірімен өте қимылдағыш буындар арқылы байланысқан болып келеді. Себебі қол эволюция барысында нағыз еңбек құралына айналған. Ал аяқ сүйектері – дененің тірегі, соған орай аяқ сүйектері салмақтырақ, жуан және буындары орнықты болады.
Қолдың қаңқасы атқаратын қызметіне қарай иық белдеуі және қолдың еркін қозғалатын қаңқасы болып екіге бөлінеді. Ал, аяқ қаңқасы жамбас белдеуі және аяқтың еркін қозғалатын сүйектері болып олда екі бөлімнен тұрады.
Иық белдеуіне екі бұғана және екі жауырын сүйектері жатады. Бұғана немесе көтеге сүйек дене мен ішкі төстік және сыртқы торшалық ұштан тұрады.
Бұл сүйектің үсті тегіс, ал астыңғы жағы бұлшық еттер мен сіңірлер бекінетін болғандықтан бұдырлы болып келеді. Сүйектің пішіні S әріпі сияқты иілген болады. Бұғана иық белдеуін көтеріп қолдың еркін қимылдауына жағдай жасайды.
Жауырын кеуденің сыртын ала ІІ-ІІІ қабыртқалар тұсында орналасқан жалпақ үш бұрышты жұп сүйек. Қабыртқаның беті ойыстау, арқа беті дөңестеу келеді.
Жауырынның ортаңғы, артқы, үстіңгі төстері, төменгі –жоғарғы, сыртқы қалың бұрыштары болады. Сыртқы бұрышында бұрыш ойығы орналасады. Ол ойық жауырынның мойны арқылы жауырынның басқа бөліктеріне бөлініп тұрады. Жауырынның үстіңгі жағы мен жауырын мойны мен ойығы арасында құс тұмсық өсінді болады.
Арқалық бетінде өте жақсы дамыған жауырын қыры бар. Ол жауырынды жауырын жотасының астыңғы және үстіңгі шұңқырларына бөледі. Жауырын қырының қалыңдау ұшы торша өсінді немесе акромион деп аталады.
Қолдың еркін қозғалатын қаңқасына тоқпан жілік, шыбық және шынтақ сүйектері, қолбасы сүйектері жатады.
Тоқпан жілік – іші қуыс, ұзын жілік сүйегі жіліктің ортаңғы бөлігі денесі немесе диафиз, проксимальды және дистальды бастары болады. Жіліктің жоғарғы бөлігі жұмыр, төменгі бөлігі үш қырлы. Проксимальды эпифизі торша шар тәрізді жұмыр. Оны жіліктің басы деп атайды. Жіліктің басындағы үлкен және кіші төмпешіктердің алдыңғы жағында анатомиялық мойны болады. Бұл төмпешіктердің әрқайсысынан төмен қарай үлкенқыр және кішкене қыр созылып шығады. Екі төмпешіктердің ортасына төмпешік аралық теріге орналасады. Сүйектің эпифизінен диафизіне өтетін жіңішкелеу жері хирургиялық мойны деп аталады.
Тоқпан жіліктің төменгі ұшы жалпайыңқырап имектеу келген айдаршаға айналады. Оның ортасында шынтақ сүйегі шығыр тәрізді буын беті болады. Оның үстінде тән ойығы, ал артында үлкен шынтақ ойығы орналасады.
Шар тәрізді буын беттің үстінде шыбық ойығы жатады. Сонымен бірге дистальды басында ортаңғы және сыртқы айдаршаүсті төмпешіктері болады.
Білек сүйектеріне шынтақ пен шыбық сүйектері жатады. Шыбық сүйектің жоғарғы басы цилиндр тәрізді. Ол тоқпан жіліктің буын бетімен буын ойығы арқылы беттескен. Шеңбер тәрізді буын беті шынтақ сүйегімен буындасады.
Бастан сәл төмен жілік мойны болады. Төменгі ұшы жалпақ шынтақ сүйекпен буындасатын ойығы, ал сырт жағында біз тәрізді өсіндісі болады.
Шынтақ сүйектің басында жарты ай секілді үлкен шығыр ойығы болады. Ол тоқпан жіліктің шығыр тәрізді буын бетімен буындасады. Ойықтың жоғарғы жағы шынтақ өсіндісі, ал төменгі жағы тәж өсіндісі деп аталады. Сүйектің униталды басы жұмыр болып келеді. Оның шыбық сүйекпен байланысқан жері шеңберлі буын бетінен, ал ортаңғы бөлігі біз тәрізді өсіндіден тұрады.
Қолбасының сүйектері үш бөлімнен білезік сүйектері, алақан сүйектері және саусақ сүйектерінен тұрады.
Білезік сүйектері екі қатар болып орналасқан қысқа кемікті сегіз сүйектен құралады. Бірінші қатарда қайың тәрізді, жарты ай тәрізді, үш қырлы, бұршақ тәрізді сүйектерден құралады. Екінші қатарда трапеция сүйек, трапеция тәрізді сүйек, томпақ және иілген тәрізді сүйектер болады.
Алақан сүйектері түтік тәрізді бес сүйектен құралады. Олардың денесі, негізі және басы болады. Саусақ сүйектері басбармақтан басқа үш бақайшақтан,ал басбармақ екі бақайшақтан тұрады.
Аяқ қаңқасы жамбас белдеуі және аяқтың еркін қозғалатын сүйектері болып олда екі бөлімнен тұрады.
Жамабас-бір бірімен бітісіп кеткен екі оң және сол жамбас сүйектері мен сегізкөз сүйегінен тұрып,құрайды.Бұл қуыс қорғаныстық қызмет атқарады,мұнда зәр шығару мен жыныс мүшелері орналасқан.Жамбас сүйектері мықын,шонданай және қасаға бөлімдерден тұрады.Осы үш сүйектің біріккен жерінде ортан жіліктің басы кіріп тұратын жамбастың ұршық ұясы болады.Ұяның түбінде жарты ай тәрізді буын беті болады.Жамбастың төменгі жағындағы қасаға және шонданай сүйектерінің арасында үлкен тесік жамбас ұңғылы деп аталатын тесік орналасады.Жамбас сүйектерінің ең үлкені -мықын сүйегі.Ол үлкен денеден және жұқа қанаттардан тұрады.Оның қанатының сыртқы,ішкі ернеулеріжәне аралық сызығы болады.
Мықын сүйегінің жоғары мен төменгі алдыңғы мүйістері, жоғары мен төменгі артыңғы мүйістері бар. Шонданай мен қасаға сүйектерінің денесі және екі бұтақтары болады.
Аяқтың еркін қозғалатын қаңқасы сан,балтыр және және аяқбасы сүйектерінен құралған.Сандағы негізгі сүйек –ортан жілік.
Ортан жілік –адам қаңқасының ішіндегі түтікті сүйектердің ішіндегі ең ұзыны.Оның денесі және екі жағында ұштары болады.Жоғары ұшында ұршық басы ,одан төменірек жіңішкерген жері мойны деп ааталады.Сүйектің алдыңғы беті тегіс болғанымен де артқы бетінде ұзына бойына бұдырлы сызық созылып жатады.Жіліктің төменгі басындағы шеткі және ішкі айдаршықтарынан буын беті құралады.Олардың араларында айдаршық аралық шүңқыры болады.Айдаршықтардың сыртқы жағы шеміршекпен қапталып ,алдыңғы жағы бірігіп,тізе тобығымен буындасатын буын бетін құрайды. Айдаршықтардың бүйір жақтарында ортаңғы және сыртқы айдаршық үсті төмпектері орналасады.
Тізе тобығы тиек тәрізді тізенің үстіндегі үшкілдеу жұмыр сүйек.Ол төрт басты ет сіңірінің ішінде орналасады.
Балтыр сүйектері де білек сүйектері тәрізді 2 сүйектен үлкен жіліншік және кіші жліншік сүйектерінен тұрады.Үлкен жіліншік жоғарғы ұшы жуан төменгі ұшы жіңішке түтікті сүйек .Оның шеткі және ішкі айдаршықтары болады.Онда екі төмпек ,ортаңғы және сыртқы төмпек болады.Сүйек үш қырлы болғандықтан ,үш жиегі және үш беті бар.Төменгі ұшы төрт бұрышты ортасындағы тобық басы арқылы топай сүйекпен буындасатын буын беті болады.Кіші жіліншік денесі үш қырлы ,жоғарғы және төменгі ұштары бар түтік тәрізді жіңішке ұзын сүйек.Төменгі ұшы жуантықтау болады,оны сыртқы тобық деп атайды.
Аяқ басы сүйектері тілерсек,табан және бақай сүйектері бөлімдерінен тұрады.Тілерсек сүйектері балтыр мен табан сүйектерін жалғастыратын жеті сүйектен:топай,өкше,қайық,текше пішінді және сына тәрізді үш сүйектен тұрады. Табан сүйектерінің саны бесеу.Бақай сүйектерінің 1-ші бақай сүйектері 2 башпайдан ,қалған 2-5-шілері 3 башпайдан құралған.Табан сүйектерінің негізі,денесі жэәне басы болады.Башпай сүйектері де дәл сондай бөлімдерден құралған.
Достарыңызбен бөлісу: |