Жауырынасты бұлшықет (m. subscapularis) - Жалпақ жауырынның аттас шұңқырын толтырып тұрады.
- Басталуы: Жаурынасты шұңқырдың бетінен.
- Бекітілуі: Тоқпан жіліктің төмпешегі, иық буынның қаптамасы.
- Қызыметі: Иықты ішке бұрады, оны денге әкелуге қатысады.
Иық бұлшықеттері
Алдынғы топ
Бүккіштер
Артқы топ
Жазғыштар
Иықтың екі басты бұлшықеті
Иық бұлшықеті
Құстұмсық-иық бұлшықеті
Иықтың екі басты бұлшықеті
Иықтың екі басты бұлшықеті
Иықтың екі басты бұлшық еті (m. biceps brachii) - Екі басы бар. Пішіні дөңгеленген, тікелей терастында иықтың алдыңғы аймағы мен шынтақтың бүгілу аймағында орналасқан.
- Басталуы: Ұзын басы жауырынның буынүсті төмпешегінен, қысқа басы жауырынның құстұмсықтәрізді өсіндісінен, лейін екі басы да жалпақ қарынша түзіп, мықты сіңірге өтеді.
- Бекітілуі: Кәрі жілік бұдырына, бұлшықет сіңірінің фиброзды будасыың бір бөлігі табақшалы өсінді түрінде медиалді бағытталып, білек шандырына өтеді.
- Қызыметі: Білекті бүгеді, оны сыртқа қарай айналдырады, ұзын басшас арқылы қолды әкетуге қатысады қысқа басшасы арқылы қолды әкелуге қатысады.
Құстұмсық-иық бұлшықеті (m. coracobrachialis) - Жалпақ ұршықтәрізді.
- Басталуы: Жауырынның құстұисық өсіндісі.
- Бекітілуі: Тоқпан жіліктің медиалді бетінің ортасы.
- Қызыметі: Иықты бүгеді және оны орталық жазыққа әкеледі.
Иық бұлшықеті (m. brachialis) - Жалпақ, иықтың төменгі жартысында алдыңғы бетінде екі басты бұлшықеттің астында орналасады.
- Басталуы: Тоқпан жіліктің сыртқы және алдыңғы беті.
- Бекітілуі: Тоқпан жіліктің бұыры, жартылай иық буынның буын қабына.
- Қызыметі: Білекті бүгеді, иық буынының буын қабын кереді.
Иықтың үшбасты бұлшықеті (m. triceps brachii) - Ұзын ірі бұлшықет иықтың артқы бетінің барлық бойына орналасады, ұзын медиалді және латералді басы бар.
- Басталуы: Ұзын басы – жауырынның буынасты төмпешегі, кейн төмен бағытталып, кіші және үлкен дөңгелек бұлшықеттер арасындағы кеңістікте өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |