Табан бұлшықеті(m. plantaris) - Тұрақсыз бұлшықет.
- Басталуы: ортан жіліктің латералді айдаршығы, тізе буынының қалтасы.
- Бекітілуі: өкше сүйегігінде.
- Қызметі: сирақтың бүгілуі мен ішке қарай бұралуы кезінде тізе буынының қапшығын артқа тартады.
Терең қабаты Тізеасты бұлшықет(m. popliteus) - Жалпақ, қысқа.
- Басталуы:ортан жіліктің латералді айдаршығы мен тізе буыны буын қапшығынан.
- Бекітілуі: асықты жілік денесінің артқы беті.
- Қызметі: сирақты бүгеді, оны ішке бұрады, тізе буыны буын қапшығын кері тартады.
Бақайлардың ұзын бүкіші(m. flexor digitorum longus) - Медиалді орналасқан.
- Басталуы: асықты жілік денесінің артқы беті; кейін бұлшықет төмен бағытталад, медиалді тобық артында өкшеге өтеді де, төрт жеке сіңірлерге бөлінеді.
- Бекітілуі: 2-5 бармақтар бунақтарының негізінде.
- Қызметі: аяқ ұшын және 2-5 бақайдың дисталді бақайшықтарын бүгеді, аяқ ұшын сыртқа(супинациялайды) бұрады.
Асықты жіліктің артқы бұлшықеті(m. tibialis posterior) - Басталуы: сүйекаралық жарғақ, асықты жілік пен жілік денелерінің артқы беттері; кейін бұлшықет медиалді тобықты артынан айнала өкшеге өтетін сіңірге жалғасады.
- Бекітілуі: қайықтәрізді сүйектің бұдыры, аяқ ұшының сынатәрізді сүйектері.
- Қызметі: аяқ ұшын бүгеді, оны сыртқа бұрады және әкеледі.
Бақайдың ұзын бүккіші(m. flexsor hallucis longus) - Ең латералді жағдайда орналасқан.
- Басталуы: жілік денесінің бетінің төменгі үштен екі бөлігі, сүйекаралық жарғақ; кейін бұлшықет өкше және топай сүйегі арасында өкшеге өтетін ұзын сіңірге жалғасады.
- Бекітілуі: үлкен бақайдың дисталді бақайшығының негізіне.
- Қызметі: үлкен бақайды бүгеді, аяқ-ұшын бүгу мен оның сыртқа бұрылуына қатысады.
Аяқ ұшы бұлшықеттері Аяқ ұшы бұлшықеттері топографиялық екі топқа бөлінеді: аяқ ұшының сыртқы және табандық беттерінің бұлшықеттері.
Достарыңызбен бөлісу: |