Әкелетін ұзын бұлшықет(m. adductor magnus) - Жалпақ, қалың, ұзын және қысқа әкелуші бұлшықеттерден терең орналасады.
- Басталуы: отырықшы төмпек, қасаға сүйегінің төменгі тармағы мен шонданай сүйек тармағы; кейін бұлшықеттік будалар төмен және сыртқа ажырап, жалпақ сіңірге өтеді.
- Бекітілуі: ортан жілік бұдырлы сызығының медиалді ернеуінің бойында, ортан жілік медиалді айдаршық үстілігінде.
- Қызметі: санды, оны сәл сыртқа қарай бұрады.
Артқы топ ортан жіліктің екібасты бұлшықеті(m. biceps femoris) - Ортан жіліктің артқы бетінің латералді жиегі бойынша орналасады, ұзын және қысқа бастары бар.
- Басталуы: ұзын басышонданай төмпектен, қысқа басы сүйектің бұдырлы сызығы латералді ернеуінің төменгі бөлігінен; кейін екі басы да, төменге бағытталып, жіңішке ұзын сіңір түзеді;
- Бекітілуі: ортан жіліктің басы. Будалардың бір бөлігі, көлденең бағытталыпғ, үлкен жіліктің жоғарғы жиегіне бекиді, бір бөлігі сирақ шандырына енеді.
- Қызметі: санды жазады, сирақты бүгеді. Бүгілкен сирақты сыртқа қарай бұрады.
Жартылай сіңірлі бұлшықет(m.semitendinosus) - Ұзын, жіңішке, ортан жіліктің артқы бетінің медиалді жарғақты бұлшықеттері арасында орналасады. Бұлшықеттің жиі ортасынан қиғаш бағытталған сіңірлік қысқышпен қиылады.
- Басталуы: шонданай төмпегі, кейін бұлшықеттік талшықтар арқылы төмен бағытталып ұзын сіңірге өтеді.
- Бекітілуі: санды жазады, сирақты бүгеді, бүгілген сирақты ішке қарай бұрады, тұлғаны тікейтуге қатысады.
Жартылай жарғақты бұлшықет(m. semimembranosus) - Ортан жіліктің артқы бетінің медиалды жиегіне орналасады.
- Басталуы: шонданай төмпек, одан кейін бұлшықеттік талшықтар төмен бағытталып, алдымен жалпақ, осыдан кейін біртіндеп таралатын сіңірге өтеді.
- Бекітілуі: ортан жіліктің медиалді айдаршығының жиегі, талшықтарының бір бөлігі тізеасты шандырға, сонымен қкатар тізе буынының қиғаш байланысына өтеді.
- Қызметі: сандыжазады, сирақты ішке қарай бұрып, бүгеді.
Достарыңызбен бөлісу: |