Қолдың бұлшықеттері


Әкелетін ұзын бұлшықет(m. adductor magnus)



бет13/18
Дата18.10.2022
өлшемі8,78 Mb.
#153597
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Әкелетін ұзын бұлшықет(m. adductor magnus)

  • Жалпақ, қалың, ұзын және қысқа әкелуші бұлшықеттерден терең орналасады.
  • Басталуы: отырықшы төмпек, қасаға сүйегінің төменгі тармағы мен шонданай сүйек тармағы; кейін бұлшықеттік будалар төмен және сыртқа ажырап, жалпақ сіңірге өтеді.
  • Бекітілуі: ортан жілік бұдырлы сызығының медиалді ернеуінің бойында, ортан жілік медиалді айдаршық үстілігінде.
  • Қызметі: санды, оны сәл сыртқа қарай бұрады.

Артқы топ ортан жіліктің екібасты бұлшықеті(m. biceps femoris)

  • Ортан жіліктің артқы бетінің латералді жиегі бойынша орналасады, ұзын және қысқа бастары бар.
  • Басталуы: ұзын басышонданай төмпектен, қысқа басы сүйектің бұдырлы сызығы латералді ернеуінің төменгі бөлігінен; кейін екі басы да, төменге бағытталып, жіңішке ұзын сіңір түзеді;
  • Бекітілуі: ортан жіліктің басы. Будалардың бір бөлігі, көлденең бағытталыпғ, үлкен жіліктің жоғарғы жиегіне бекиді, бір бөлігі сирақ шандырына енеді.
  • Қызметі: санды жазады, сирақты бүгеді. Бүгілкен сирақты сыртқа қарай бұрады.

Жартылай сіңірлі бұлшықет(m.semitendinosus)

  • Ұзын, жіңішке, ортан жіліктің артқы бетінің медиалді жарғақты бұлшықеттері арасында орналасады. Бұлшықеттің жиі ортасынан қиғаш бағытталған сіңірлік қысқышпен қиылады.
  • Басталуы: шонданай төмпегі, кейін бұлшықеттік талшықтар арқылы төмен бағытталып ұзын сіңірге өтеді.
  • Бекітілуі: санды жазады, сирақты бүгеді, бүгілген сирақты ішке қарай бұрады, тұлғаны тікейтуге қатысады.

Жартылай жарғақты бұлшықет(m. semimembranosus)

  • Ортан жіліктің артқы бетінің медиалды жиегіне орналасады.
  • Басталуы: шонданай төмпек, одан кейін бұлшықеттік талшықтар төмен бағытталып, алдымен жалпақ, осыдан кейін біртіндеп таралатын сіңірге өтеді.
  • Бекітілуі: ортан жіліктің медиалді айдаршығының жиегі, талшықтарының бір бөлігі тізеасты шандырға, сонымен қкатар тізе буынының қиғаш байланысына өтеді.
  • Қызметі: сандыжазады, сирақты ішке қарай бұрып, бүгеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет