Алмұртәрізді бұлшықет(m. piriformis) - Негізі жамбасқа қараған жалпақ тең қырлы үшбұрыш пішінді.
- Басталуы: сегізкөздің жамбас беті; кейін бұлшықет шоғырларысыртқа бағытталады да, кіші жамбас қуысынан жінішке қысықа сіңірін түзіп, үлкен шонданай тесік арқылы шығады.
- Бекітілуі: ортан жіліктің үлкен ұршығының ұшында.
- Қызметі: ортан жілікті сыртқа бұрады, сонымен қатар оның әкетілуіне қатысады.
Кіші бел бұлшықеті (m.psoas minor) - Жіңішке, ұршықтәрізді, тұрықсыз.
- Басталуы: 12 кеуде және 1 бел омырқалар денелерінің бүйір беттері.
- Бекітілуі: мықындық шандыр, қасаға сүйегінің қылқаны.
- Қызметі: мықын шандырын кереді.
Ішкі жапқыш бұлшықет(m. obturatorius internus) - Жалпақ пішінді, оның бұлшықеттік будалары сәл желпеуіштәрізді бағытталған.
- Басталуы: жапқыш жарғақ айналасында жамбас сүйегінің ішкі беті, жапқыш жарғақ, кейін бұлшықет шоғырлары сыртқа қарай бағытталады, кіші жамбас қуысынан қысқа мықты сіңір түзе отырып, кіші шонданай тесік арқылы шығады.
- Бекітілуі: санды сыртқа қарай айналдырады.
Артқы топ Үлкен бөксе бұлшықеті (m. gluteus maximus) - Адам денесінің тік жағдайына байланысты ең жоғарғы дамуға жетеді. Бұл мықты ірі талшықты жалпақ бұлшықет, пішіні, бойныша ромбқа жақын.
- Басталуы: мықын сүйегінің бөкселік беті, сегізкөз бен құйымшақтың сыртқы беті, бел кеуде шандыры.
- Бекітілуі: ортан жіліктің бөкселік бұдыры талшықтарының бір бөлігі, мықын үлкен жіліншік жолға өтеді.
- Қызметі: санды жазады, тұрғанда жамбасты бекітеді, онымен бірге тұлғаны да бекітеді.
Ортаңғы бөксе бұлшықеті(m. gluteus medius) - Үлкен бөксе бұлшықеті астында орналасады, үшбұрыш пішінді.
- Басталуы: мықын сүйегінің бөкселік беті, ортан жіліктің жалпақ шандыры.
- Бекітілуі: ортан жіліктің үлкен ұршығына.
- Қызметі: санды әкетеді, алдынғы будалары ішке бұрады, артқы будалары сыртқа бұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |