Бақайлардың қысқа жазғышы(m. extensor digitorum brevis) аяқ ұшы сыртқы бетінде орналасатынжалпақ бұлшықет.
Басталуы: өкше сүйегінің латералді және жоғарғы беттері; кейін бұлшықет талшықтары алға қарай бағытталып, төрт жіңішке сіңірге өтіп, бақайлардың ұзын жазғышының сіңіріне бітісіп, 2-4 бақайлардың проксималді бақайшықтарының негізіне бекиді.
Қызметі: аяқ ұшының 2-4 бақайларын жазады, оларды латералді жаққа тартады.
Үлкен бақайлардың қысқа жазғышы(m. extensor hallucis brevis)
Жоғарыда аталған бұлшықеттен ішке қарай орналасқан.
Басталуы: өкше сүйегінің алдыңғы бөлімі.
Бекітілуі: үлкен бақайдың проксималді бақайшықтарының негізі.
Қызметі: үлкен бақайды жазады.
Табан бұлшықеттері 3 бөлінеді:медиалді, латералді топ және ортаңғы топ.
Бекінуі: үлкен бақайлың проксималді бақайшықтарының негезі.
Қызметі: үлкен бақайды бүгеді және әкетеді, табан күмбезінің медиалді бөлігін бекітеді.
Үлкен бақайдың қысқа бүккіші(m. flexor hallucis brevis)
Екі қарыншасы бар.
Басталуы: текшетәрізді және сынатәрізді сүйектердің табандық беті, табандық байламдар.
Бекітілуі: медиалді қарынша- үлкен бақайдың проксималді бақайшықтарының негізіне және оның медиалді дәнтәрізді сүйегіне, латералді қарнышасы- латералді дәнтәрізді сүйекке және үлкен бақайдың проксималді бақайшығының негізіне.
Қызметі: аяқ ұшының үлкен бақайын бүгеді.
Латералді топ Кішкене бақайды әкететін бұлшықет(m. abductor digiti minimi)