Бекітілуі: дисталді бунақтың негізі бір сүйекаралық жарғақша.
Бекітілуі: дисталді бунақтың негізі бір бөлігі аяқ ұшы үлкен бармағының проксималді негізі.
Қызметі: үлкен бақайды жазады, медиалді жиегін көтере аяқ ұшын жазуға қатысады.
Латералді топ Асықты жілік шыбығының(кіші жіліншіктің) ұзын бұлшықеті(m. peroneus longus)
Басталуы: кіші жіліншіктің басы мен денесінің жоғарғы бөлігі, сирақтың алдыңғы және артқы бұлшықетарлық қалқалары шандырлары. Кейін бұлшықет төмен бағытталады да, ұзын сіңірге өтеді. Ол латералді тобықты артынан және төменнен орай өтіп, өкшеге қиғаш қиып өтеді.
Қызметі: медиалді жиегін түсіріп, аяқ ұшын бүгеді, аяқ ұшын әкетеді.
Асықты жілік шыбығының(кіші жіліншіктің) ұзын бұлшықеті
Асықты жілік шыбығының(кіші жіліншіктің) қысқа бұлшықеті(m. peroneus brevis)
Алдыңғы аталған бұлшықеттің астында орналасады.
Басталуы: жілік денесінің латералді бетінің төменгі бөлігі, бұлшықетаралық, кейін бұлшықет төмен бағытталады, артынан латералді тобықты орай өтеді де, алдына қарай бағытталады.
Бекітілуі: аяқ ұшын бүгеді, оның латералді жиегін көтереді, аяқ ұшын әкетеді.
Беткей қабаты
Беткей қабаты
Сирақтың үшбасты бұлшықеті(m. triceps surae)
Жалпы өкшелік(ахилл) сіңірі бар балтыр және қамбалатәрізді бұлшықеттерден тұрады.
Балтыр бұлшықеті(m. gastrocnemius) екі басы бар- латералді және медиалді.
Басталуы: ортан жіліктің сәйкес айдаршықтарында.
Бекітілуі: өкше төмпегіне ортақ сіңірімен.
Қызметі: сирақты бүгеді, аяқ ұшын бүгеді және сыртқа бұрады.
Камбалатәрізді бұлшықет(m. soleus) балтыр бұлшықетінің астында орналасады.
Басталуы: жіліктің басы және денесінің жоғарғы бөлігі, бір бөлігі үлкен жіліктен.
Бекітілуі: өкше төмпегі, балтыр бұлшықетімен бірге, ортақ сіңірмен.
Қызметі: аяқ ұшын бүгеді де, оны сыртқа бұрады. Бекітілген аяқ ұшы жағдайында сирақ пен ортан жілікті артқа тартады.