Өлеңті ауылдық кітапхана шежіресі Оқырман саны: 744 Кітап берілімі: 9506 дана



Дата25.12.2016
өлшемі394,18 Kb.
Өлеңті ауылдық кітапхана шежіресі

Оқырман саны: 744

Кітап берілімі: 9506 дана.

Кітап қоры: 10521 дана.

Кітап-өмір,ешқашан сарқылмайтын

Мен оны құшып-сүйем құшаққа ала

Сәулесі күн нұрындай жарқылдайтын

Мен үшін қасиетті үй-кітапхана.

Ә. Нілібаев.

Ауылда қазіргі таңда 1 мектеп жалпы білім беретін «Жасқайрат» орта мектебі, ауыл әкімі, пошта мекемесі, 2-фельдшерлік пункт, кітапхана бар. Бірнеше сауда-саттық орындары бар, олар халықты тамақ, киім және де тағы басқа өндіріспен қамтамасыз етеді.

2004 жылы ауылда жаңа мектеп үйі берілді, онда 400-ге жуық оқушы білім дәрісін алуда. Оларға 32 ұстаз сабақ беруде.

Кітапхана ісі мәдениет саласы ретінде ақпараттық,білім беру және мәдени-ағарту қызметінің негізі болып табылады.Жаңа мыңжылдықта кітапханалар қоғамның қайта жанданып,өзгеруінде басқа мәдени меекмелер арасында үлкен мүмкіндіктерге ие.Бүгінгі таңда рухани дүниетанымы кең,көзі ашық,көкірегі ояу ұрпақ өсіру,оны өнерге, халықтық мұраға бейімдеуде, мәдени құндылықтарды жаңғыртып таратуда сипат беретін мәдени орынның бірі-кітапхана.Қазіргі кезде адамдардың өскелең талабын қанағаттандыру рухани байлы мен жалпы қабілетін дамыту және жоғары эстеикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруда кітапханалардың алар орны ерекше.Сондықтан кітапхана мәдени-ағарту және ақпарат мекемесі,облыстағы баспа шығармаларын сақтайтын,оны тарату мен насихаттау жөнінде қызмет атқаратын мәдениет ошағы.Кітапханада тәлім-тәрбие жүйесінің талымдылығын қамтамасыз ету үшін тәрбиенің де ағартушылықтың да әдістемелік жүйелерін жасап,оларды жұмыс практикасы мен қоғамдық өмірге кеңінен енгізу.Жалпы кітапхана-адамдардың басын қосу,білім беру мүмкіндігі бар бірден-бір парасаты мәдени орын болғандықтан ұлттық мәдениеттің мәйегі насихаттау мен дамыту баршамыздың парызымыз бен міндетіміз.Бүгінгі таңда Қазақстан мемлекетінің қалыптасуында рухани байлықты тереңдете оқыту мен насихаттау ірі мәселелердің бірі болуда.Сондықтан қазақ халқының қоғамдық саясат,әлеуметтік мұралар мен бай рухани қазыналарын сақтап,қорғап қалыптастыру мен насихаттау кітапхананың басты міндеті.

Өлеңті ауылдық кітапханасы 1966 жылы,2948 кітап қорымен ашылған.Құрманалиева Айман жұмыс жасайды.Құрманалиева Айман 270-дей оқырманы болып,оқырмандардың сұранысын,талап-тілектерін орындауда ,кітап насихаттауда олармен түрлі мәдени көпшілік шаралар жүргізіп отырған.Бір жылдай еңбек етіп өзінің қоныс аударуына байланысты 1967 жылдан Туганова Камалия жұмыс атқарады.10 жылдай еңбек етіп өз оқырманымен тіл табыса білетін үнемі оқырмандарының талап-тілектерін орындай отырып оқырмандарға әдебиеттерді насихаттай отырып көпшілік жұмыс түрлерін ұсына білді.Ұлы Октябрь Революциясының 55-жылдығына орай «Октябрь шұғыласы» атпен ауыл еңбекардагерлерімен кездесу кешін ұйымдастырған. 3200-дей кітап қоры болып 350-дей оқырман болып көрнекіліктер,кітап бұрыштары,кітап көрмелері плакаттар шығарып отырған.Өзінің басқа жұмысқа ауысуына байланысты Туганова Камилядан Қайырғалиева Базаргүл алып жұмыс жасайды.Қайрғалиева Базаргүл 1960 жылы дүниеге келген.1977 жылы орта мектепті бітіріп,сол жылы Ақтөбе мәдени-ағарту училищесіне түсіп оны 1979 жылы бітіріп,сол кездеХХІІ-партсъезд совхозында кітапханашы болып бір жылдай еңбек етеді.3500 кітап қоры болып, 400-дей оқырманы болып,ақын жазушылар шығармаларынан әдеби кештер «Туған өлке тарихынан» әңгіме сағаттарын, ертеңгіліктер ұйымдастырған.1980 жылдан кітапхана жұмысын Нұрпейісова Альфия жасайды.Альфия Нұрпейісова 1957 жылы дүниеге келген.1975 жылы мектеп бітіріп, 1976жылы сол кездегі Н.К.Крупская атындағы облыстық кітапхана жанындағы 1-жылдық курсын бітіріп 1981 жылы сырттай Ақтөбе мәдени-ағарту училишесіне түседі.Еңбек жолын Қосарал ауылдық кітапханасында кітапханашы болып жұмыс атқарады.1980 жылдың шілде айының 4339 кітап қорымен 500-дей оқырманы болып Өлеңті ауылдық кітапханасында жұмыс атқарады ұлттық идеологиямызды өмір тәжірибесінен сондай-ақ оқыпмандарды рухани мәдениетке үйретіп,олармен түрлі мәдени көпшілік шара ұйымдастыра білді.

Жазушы Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» романы бойынша оқырмандар конференциясын өткізген.Өлеңті ауылына жазушылар Естай Мырзахметов, Бек Тоғысбаевтың келуіне байланысты жазушы Естай Мырзахметовтың «Медет» романы бойынша оқырмандар конференциясын өткізіп осы өткізілген конференцияға жазушы өзі қатысып ризашылығын білдіріп,естелік беріп кеткен.Мамандық таңдау кештерін өткізген саяси кабинет меңгерушісі Галимов Қайырболдымен бірлесіп егіс бригадаларында болып әр-түрлі тақырыптарда лекциялар оқылып «Үгітші-насихатшы» бұрыштар ұйымдастырылып,бригада басына кітап, газет,журнал апарылып отырылған.1985 жылдың қараша айынан 7676 кітап қорымен кітапханашы жұмысын Касимова Акзиба жұмыс жасайды. Касимова Акзиба Жоламановна 1962 жылы Бұлан ауылында дүниеге келген. 1980 жылы 10-жылды0 мектепт3 б3т3р3п61985 жылы Орал мәдени-ағарту училищесінің кітапхана бөлімін бітіріп,еңбек жолын 1-май ауылдық кітапханасынан бастаған.1985 жылы қараша айынан Өлеңті ауылдық кітапханасына ауысады.7676 кітап қолрымен 600-дей оқырман болып ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттай отырып, ұлылардың өнегелі өсиеттерін насихаттай отырып мәдени-көпшілік жұмыс түрлерін ұсынып отырған.Жымпитыда Алашорда Үкіметінің болғанының 80-жылдығына орай «Тарих соқпақтар» тақырыбында оқырмандар конференциясын ұйымдастырған. «Бақытты балалық шаққа саяхат» атпен үлкен стенд шығарған.Ұлы Жеңістің 50-жылдығына арналып «Сөнбейді сенің шырағың»атпен тарихи кеш. Жазушы М.Әуезовтың 100-жылдығына арналып «Көксерек»романы бойынша оқырмандар конференциясын ұйымдастырған.Өз жұмысының жанашыры деген оқу өрісін дамытуға көмектескен.

2000 жылдың наурыз айынан бастап Өлеңті ауылдық кітапханасында Ихсанова Малика Зайлағиқызы еңбек етіп келеді.Ихсанова Малика 1958 жылы Жымпиты ауылында дүниеге келген.1976 жылы орта мектепті бітіріп,1978 жылы сол кездегі Н.К.Крупская атындағы 1жылдық курсты бітіріп,Қособа ауылдық кітапханасында кітапханашы мамандығы бойынша еңбек жолын бастаған.Онда бір жылдай еңбек етіп 1980жылдан 1997 жылға дейін аудандық кітапханада жұмыс жасайды.Қазіргі таңда осы Өлеңті ауылдық кітапханасында еңбек етіп келеді.



10100 кітап қорымен 740 оқырманымен оқырманға әдебиеттер насихаттай отырып көпшілік жұмыс түрлерін ұсына білді. 2000жыл «Мәдениетті қолдау»жылы деп жариялануына орай ауыл мектебімен бірлесе отырып, өнер туралы рухани тағлыми беру,өне майталмандары мен қайраткерлерін үлгі өнеге тұту мақсатында «Мәдениет халықтың ең үлкен рухани азығы» атты тақырыптық кеш.Жазушы С.Мұқановтың 100 жылдығына орай «Халық жүрегіне жол тапқан қаламгер» атты әдеби-танымдық кеш өткізілді.Кітапханада өз өлкесін тану, оның тарихын тану,оқырмандарына насихаттау ьағытында көп жұмыстар жүргізіліп отырылды. «Жас өлкетанушылар» әуесқой қызығушылар клубы жұмыс істеуде.Ұлы Жеңіс мерекесіне,Наурыз мерекесіне арналып кездесу кештер,салт-дәстүр кештері өткізіліп отырылуда.Оқырмандардың сұранысын,талап тілектерін орындауда кітап насихаттауда үлкен үлес қосуда.Қандай болмасын өткізілген шаралары басқалай да жұмыстары еліміздің тарихын, мұраларын әр оқырманға жеткізу.Уақыт талабынан қалмай оқырмандарымызға сапалы тәрбиелік мәні бар басылымдардыұстау әр оқырманмен жеке жұмыс жүргізіп отыру біздің парызымыз.


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу