177 176 лайықтымын. Иә, кейде қорқыныш бойымды билеуі
мүмкін, алайда ол мені тоқтата алмайды.
Мен актермін. Мен рөлде ойнағанды және фильмге
түскенді жақсы көремін. Және мен онымен айналысатын
боламын. Тіпті мені сахнаға көтеріп алып шығу керек
болса да, ойнауды тоқтатпаймын. Мен қолымнан келген
-
нің бәрін жасаймын. Мен көрсетілім немен аяқталса да,
өзіме тағайындалған жолмен жүруге әзірмін» деп айқай
-
лады.
Карл үйге келгенде Анна ұйықтап жатқан еді. Ол
ақырын қасына жатты да құлағына сыбырлады:
– Бәрі жақсы.
– Білемін, – деді Анна ұйқылы-ояу.
Ол баяғы түсін көретін шығармын деп ойлады.
Ойлағанындай болды, сол түсті қайта көрді: ол тағы
қошқыл ағашқа шығып жатыр екен, одан құлап, тізесіп
жаралады, қорқынышты ағаштың әкесіне, сонан соң
өзіне айналғанын көрді. Сонан соң кемпір оны ақшыл
ағашқа алып барды. Ол ағаш әуелі оның достарына, сонан
соң өзіне айнала бастады.
Оянған кезде, ол алғаш рет қобалжуды сезінген
жоқ. Ол бұл түстің маңызды бір нәрсені айтқысы келіп
отырғанын сезді және оны жақында түсінетінін де білді.
Карл өзінің күлгін күнделігіне ұмтылды. Онда шынында
да ұзақ жазба тұрған еді:
Проблемалар әдетте бейтарап болады. Бәрі біздің
оларға қандай мән беретінімізде. Олай болса оларды өз
жетістігімізге жетелейтін өнім ретінде қолдансақ болады.
Жағымсыз жағдай проблема болып табылмайды.
Егер біз оған солай қарасақ қана проблемаға айнала
-
ды. Нағыз проблема ол біздің проблеманы сырт жақтан
іздеуімізде.
Проблемамен бетпе-бет келгенде өзіңе: «Сен қаншалықты
ұлысың, Карл? Егер проблемадан үлкен болсаң, онда
сәйкесінше әрекет жаса. Егер проблемадан кіші болсаң,
оның деңгейіне жетуге әрекеттен», деген сұрақ қой.
Кейде біз өзіміз қалаған адам болуға қажетті нәрселерді
жасағымыз келмейді. Алайда, адам өзін әрекетке итерме-
лейтін жағдайлар арқылы өседі.
Әрекет нәтижеге жетелейді. Егер сен проблеманы шешудің
шебері болсаң, сені ештеңе тоқтата алмайды. Ештеңе! Олай
болса сенде үнемі таңдау болады деген сөз. Сен қалаған
нәрсеге қол жеткізесің, өйткені сен мұның қолыңнан
келетініңе анық сенімдісің. Мұндай сенімділік еркіндік деп
аталады.
Сен өз проблемаларыңнан үлкен болғанда ғана еркін бола
аласың. Егер проблемаларың сенен үлкен болып кетсе, сен
оның тұтқыны болғаның.
Сенің өзіндік санаң өскен сайын проблемаларың да кішірее
береді. Өйткені сен өзіңді проблемадан жоғары қоясың.
Қандай жағдайда өзіңді ұлы санайсың? Өзіңнің кім екеніңді
білгенде, махаббатқа лайық екеніңді білгенде және әрекет-
ке қабілетті екеніңді білгенде, өзіңді ұлы санайсың. Егер
өзіңді ұлы санасаң, онда сондай болғаның. Барлығы өзіндік
санаға байланысты. Тек осы сезім ғана сені бақытты және
табысты ете алады.
Өмір саған соңында проблемаларды шешу қабілетіңе қарай
сый дайындайды. Бақыт, достық және ақша осыған байла-
нысты келеді. Өзіндік санаң жоғары болған сайын қиын
проблемаларды шеше алатын боласың.
«Осы сөздерді кеше оқуым керек еді» деп ойлады
Карл. Сол сәтте ол кеше бұл сөздердің мәнін толық түсіне
алмасын мойындады.