Қолымнан келеді бодо шефер менің



Pdf көрінісі
бет86/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

197
196
шақырып қойғанын білді. 
Дәрігер баланы мұқият тексеріп шықты. Қалғандары 
дәрігердің әрекетін бақылап тұрған еді. Бірнеше уақыттан 
кейін дәрігер жөткірініп: 
– Науқастың ұстамасы шамалы ұстап тұр.
Михаэль бүгін қобалжып, ештеме жемеді. Оның қанты 
түсіп кетіпті, мен оған глюкоза ектім. Бұл оған көмек
-
тесуі керек, – деді. – Қазір жағдайы жақсарады. Бірақ
Михаэльге ауруханаға оралу керек. Оған тыныштық 
қажет. Жақын арада келмей-ақ қойсаңыздар болады. 
Михаэльге бірер сағат оңаша қалу керек.
Бала әлсіз қарсыласып көргенімен, санитарлар оны 
земгілге салып, шығар есікке қарай алып жүрді. 
Осы кезде Михаэль әлсіз дауыспен айқайлады:
– Карл, саған маңызды бір нәрсе айтуым керек.
Карл науқас досының қасына жетіп барды. Ол
Михаэльдің қолын ұстап, зембілмен қатарласа жүріп келе 
жатты. Ол өзін шарасыз сезінді. Ол балаға:
– Тамақ ішуің керек еді, – деді.
– Өзің ғана қобалжимын деп ойлайсың ба? – деді 
әлсіз жымиған Михаэль. Ол дәрігерге қарап:
– Бұлармен дауласа алмайсың. Бірақ мен сенің көрініс- 
теріңді аяғына дейін көргім келеді. Сен оны камераға 
түсіріп, сосын маған көрсете аласың ба? – деді.
– Менің басқа идеям бар, – деген Кираның дауысы 
естілді. – Мен стриминг жасап бере аламын, сен Карлдың 
ойынын бірден өз смартфоныңнан көре аласың. 
– Тамаша идея! – деп қуанып кетті Михаэль. – Сен 
керемет жансың, рақмет!
Бала қалтасынан телефонын алды да:
– Мен дайынмын. Бұған дейін бәрі керемет болды, 
ары қарай да солай болады. Мен білемін, – деді. 
Карл Михаэль үшін қорқып тұрған еді. Оны сезіп 
қойған бала:
– Магистр Йоданың айтқаны есіңде ме? «Қорқы
-
ныш – қараңғылыққа тікелей жол» деген. Сен қойылым
-
ды аяқтауың қажет. Мен сенің триумфыңды көруім 
керек. Мен үшін қазір бұдан маңызды нәрсе жоқ. Менің 
көңілімді қалдырма, - деді телефонына үңіліп, сосын: 
– Енді бар да ойыныңды жалғастыр, – деді. 
Карл мына он екі жасар баланың ерік-жігерін 
жан-тәнімен сезінді. Ол оған тамсанып тұр еді: мынадай 
жағдайда да өзгенің қамын жеп жатқанына таңданбасқа 
шара жоқ еді. 
Баланың сөздері оған күш берді. Бұрын да оның әрбір 
сөзінен жаңа мән табатын еді, оның мағынасын түсіне 
салысымен санасының бір саты жоғары көтерілетінін 
жақсы білетін. 
Осы кезде санитарлар Михаэльді жедел жәрдем 
машинасына алып келді. Ол Карлға әлсіз қол бұлғады да:
– Карл, саған ерік-жігер тілеймін, – деді.
– Саған да, дана Йода, – деді Карл. 
Жедел жәрдем кетіп қалды. Кира стриминг жасау 
үшін залға оралды. Карл автотұрақта жалғыз тұрып 
қалды. Бір кезде ол өзін жайсыз сезінді де, жүрегі айнып 
кетті. 
Енді ол бәрін тастап, тұра қашқысы келді. Бір жерге 
барып жасырынып қалса ғой! Мүмкін Михаэльге бару 
керек пе? 
Бала үшін қорыққаны сонша, оның қасында болғы
-
сы келді. Әрине ол өзінің ештемеге қауқарсыз екенін 
мойындады. Дәрігер Михаэльге тыныштық керек деді 
емес пе? Оның үстіне оның ондағы күтімі де жаман емес. 
Алайда ойынды жалғастыруға да Карл қауқарсыз еді. 
Мұның бәрінің енді маңызы болмай қалғандай көрінді. 
Оның досы нашарлап жатқанда қайдағы роль туралы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет