Қолымнан келеді бодо шефер менің



Pdf көрінісі
бет94/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

213
212
Анна алғашқы жазуға қарады, сосын кейінгі жазбаға 
қарады да, күліп жіберді, басында ақырын күлген ол, 
кейін ішек-сілесі қата күлді. Карл оған таңқалып қарады.
– Карл, бұл сенің жазуың ғой. 
– Әрине, оны қазір жазған жоқпын ба, – деді түк 
түсінбеген Карл. 
– Екі жазуды да сен жазғансың. – Ол күнделікті 
асығыс ақтара бастады. 
– Барлығы сенің жазуың. Барлығын өзің жазғансың. 
Карл Аннаның айтқанын енді түсіне бастағандай. 
Бірақ қалай болғанын түсіне алар емес. Көп нәрсе оған 
да, оның құрбысына да түсініксіз еді. Бірақ мына ойдың 
бәрі бұның ойына қайдан келуі мүмкін екенін түсіне алар 
емес. 
Соңында олар бұған жүз пайыз түсініктеме жоқ 
деген қорытындыға келді. Кейде адамдарға шын мәнінде 
көмек қажет болғанда ғажайыптардың болатыны аян, бұл 
жерде сиқыр туралы емес, ешкім түсіндіріп бере алмай
-
тын жағдайлар туралы айтылып отыр. 
Карл мен Марк бір-біріне бұрыннан да жақын бола 
түсті. Карл өзінің егде досын әкесіндей көре бастады. 
Олар жиі кездесіп тұрды. Марк бұрынғы ұстаз ролінен 
бас тарта бастады, олар шынайы дос еді. 
Марк бұрынғыдай Карлге хабарлама жіберетін, ал 
Карл болса оны күлгін күнделігіне жазып қоятын еді. 
Бірде ол мынадай жазуды оқыды:
Карл жымиып, басын изеді. Ол осыншама өзгерем 
деп ойламапты да: ол армандаған әйелімен өмір сүріп 
жатыр, олар бір-бірін риясыз сүйеді, оның өзі арман
-
даған керемет жұмысы және кез келген уақытта маңызды 
сұрақтарды талқылай алатын Марк сияқты тамаша доста
-
ры бар. 
Уақыт өткен сайын маңызды сұрақтар да таусылмай
-
ды екен. Сондықтан да дана досы оған жіберілген үлкен 
сый еді, оны Ми деп босқа атамаса керек. Карл сонымен 
қатар Марктің жүрегі миынан да үлкен екеніне сенімді 
еді. Ол Маркке қызыл свитерлі кемпір жайлы айтып берді. 
– Бұған дейін оны ешкім және ешқашан көрмеген.
– Қателесесің. Көп жылдар бұрын мен де оны кездес- 
тіргенмін. Менің сол кезден бері келе жатқан күнделігім 
де бар. Сол кезден бері өзімді күнделіксіз тіпті елестете де 
алмаймын. Менің таным күнделігім бар, мен онда барлық 
білген-түйгенімді жазып жүремін. Табыс күнделігім де 
бар. 
– Біз бір-бірімізге қатты ұқсаймыз, – деді Карл. – 
Бірақ алғашында мен сені өте ақылды деп ойладым, тіпті 
екеумізге ортақ не болуы мүмкін деп ойлаушы едім.
– Ортақ нәрсеміз көп. Мысалы біз екеуіміз де 
сезімталмыз. 
– Кейде тым сезімтал болып кетем бе деп ойлаймын.
– Бұған басқаша қара. Сенің басқа адамдарға қараған
-
да антенналарың көп. Сондықтан да сен осындай тамаша 
актерсің. 
Мен де сезімталмын. Бірақ менде ол басқаша көрі
-
неді. Мен нашар актер болуым мүмкін, бірақ мен жақсы 
ғалыммын. Менің антенналарым қандай ғылыми жұмыс- 
тарға мән беру керек екенін және одан қандай пайда 
табуға болатынын айтып отырады. Мен мұны өзім де 
түсіндіре алмаймын. 
– Ол үшін Анна бар емес пе? – деп күліп жіберді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет