Қолымнан келеді бодо шефер менің



Pdf көрінісі
бет92/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

209
208
Бірнеше уақыттан кейін медбике келді де: 
– Мен сіздерге тағы бір нәрсе айтуым керек.
Михаэльдің тас жетім екенін көп адам біле бермейді. 
Сіздердің оның өмірінде орын алғандарыңыз ол үшін 
өте маңызды болды. Ол кейде Анна мен Карл сияқты ата- 
анам, Марк сияқты атам болса деп армандайтын, – деді. 
Үшеуі Михаэльдің палатасына кірді. Марк абды
-
ратқан сезімнен тез арылып алған сияқты. Карл оған 
таңқала қарады. 
– Михаэль бәрін дұрыс айтқан тәрізді. Біз өлім тура
-
лы жаман ойлаймыз. Біздің қайғымыз бізге қорқыныш 
болып келеді. Бәлкім, өлім жарық дүниеге ашылған жол 
шығар, – деді Марк.
– Хатты қолыма алғанға дейін мен ашулы едім: 
«Михаэль қайтыс болды, енді басты рольдің не маңызы 
бар? Өмір сценарийін қандай ақымақ жазады екен?» деп 
ойлағанмын, – деді Карл ойланған кейіпте. 
– Психологтар бұл жағдайды болжамды иррацио
-
налдық деп атайды, – деп жауап қатты Марк. – Біз өмір 
туралы ... 
– Сен робот сияқтысың, – деп сөзін бөліп жіберді 
Карл. – Қазір басыңа дана ойлардан басқа ештеме келіп 
тұрған жоқ па? Сен түк те уайымдап тұрған жоқсың ба?
– Мен Михаэльдің қайтыс болатынын бірнеше ай 
бұрын білгем. Сондықтан уайымым бірнеше ай бұрын 
басталған. Және бірнеше уақытқа дейін одан арыла алма
-
сым рас. Мен Михаэльді өте жақсы көрдім, – деп жауап 
қатты Марк.
– Кешір, – деді Карл. – Мен көңіл-күйім болмағанда 
елді осылай ренжітетінім бар. Сен болжамды иррацио
-
налдық туралы түсіндіріп жатқан едің. – Карл Марктің 
қатты қайғырмас үшін рационалдық ойлау туралы сөз 
қозғап тұрғанын болжады. 
– Ештеңе етпейді. Болжалды иррационалдық тұжы
-
рымының астарында бір тұрмыстық даналық жасырынып 
жатыр. Көп адам барлығы керемет болғанда ғана бақытты 
бола аламын деп есептейді. Олар өмірінің барлық сала
-
сында жетістікке жеткенде ғана толыққанды табысқа ие 
болам деп ойлайды, – деді Марк.
– Бұл солай ғой. Басқаша қалай табысқа жетеміз? 
Торттың бір ингредиенті дұрыс болмаса торт та дұрыс 
шықпайды деген сөз, – деді Карл. 
– Торт туралы мысалың жақсы шықты. Алайда өмір 
деген иррационалдық нәрсе екенін ұмытпайық. Мүлде 
проблемасыз өмір сүретіндер сирек кездеседі. Егер кімде-
кім өмірде барлығы керемет болғанда ғана бақытты бола
-
мын деп ойласа, ол ешқашан бақытты бола алмайды. 
– Алайда, өмірдің мәні де сол бақытқа ұмтылу емес 
пе? – деді Карл. Осындай әңгімені өрбітуге ықпал етіп 
отырғанына өзі таңқалды. 
– Иә, кейбіреулер солай деп ойлайтыны рас. Бірақ мен 
бақытты өмір сүрем деп ұмтылған адамдардың соңын
-
да депрессияға түскенін талай көрдім. Меніңше, өмірдің 
мәнін іздегеніміз дұрыс. Өмірімізге мән бере бастағанда, 
біз өзіндік санамызды көтере түсеміз. Біз ұдайы бақытты 
болғымыз келеді, бірақ ол қолымыздан келмей жатады, 
сондықтан өзіндік сана төмендеп кетеді де, өзімізді жолы 
болмайтын адамдардың қатарына қосамыз. 
– Ал мен өзіндік санам көтерілген сайын өмірім 
бақыт пен әсемдікке толы болады деп ойласам, – деді 
Карл таңқалып. 
– Әрине, өзіндік санасыз бақытты да тамаша өмір
-
ге қол жеткізуіміз екіталай. Дегенмен, ол жеңіл өмірге 
кепілдік береді деген сөз емес, ол тек өмірімізді мәнді 
етеді, – деп түсіндірді Марк.
Карл әлі де болса сенімсіз еді:
– Дегенмен бұл жерде жеңіл өмір туралы сөз болып 
тұрған жоқ қой. Михаэльдің өлімі – үлкен қайғы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет