Талғар ауданыны Панфилов округі әкімі



Дата11.05.2022
өлшемі312,76 Kb.
#141937
Байланысты:
С.Т.Шалов
Документ, 1-115 сұрақтар, 1-115 сұрақтар, Қаралы хабар жеткізу. Оқулық, (1)

Талғар ауданыны
Панфилов округі әкімі
С.Т.Шалов мырзаға

Алматы облысы,


Талғар ауданы,
Қызылту ауылы,
Шығыс көшесінің
тұрғындарынан
Құрметті Серік Тоқсейітұлы!

Біз Алматы облысы, Талғар ауданы, Қызылту ауылы, Шығыс көшесінің тұрғындарымыз. Сізге айтайын деген шағымымыз газ, электр жарығы (свет), ауыз су, жол, жарық шамдары және де ғаламтор (желілік қызметтерді қосу) мәселесі бойынша. Осы ауылға көшіп келгелі біраз уақыт өтседе, ел болып жұрт болып өз қалтамыздан жол жасап, су кіргізіп, светтімізді орнатып келеміз, көп жағдайда жағдайымыз келмей жатады сол себептіде сізге айтар шағымымызды ескерерсіз, халыққа қандайда бір көмек берерсіз деп алдын ала ризашылығымызды білдіреміз.


Ең бірінші басты мәселе газбен жылыту жүйесі қашан тартылатыны жөнінде. Біздің ауылға 2-3 жыл көлемінде (алдыңғы жылы және былтыр) ЖШС «КазПроектСтрой» компаниясы алдымыздағы Ақсу, Көкжиек көшелеріне газ құбырларын жүргізе бастады, 2021 жылдың күзінде бірнеше жанұя газбен қамтылды. Біздің шығыс көшесіне әлі тартылмады себебін білу үшін осы компанияның басшысына хабарластық нақты жауап ала алмадық, алдағы уақытта газ құбыры тартылатыны тартылмайтыны белгісіз болып тұр. Газ бағасы бастапқыда 360 000 теңге (үш жүз алпыс мың теңге) болған ал биылғы жылы 460 000 теңге (төрт жүз алпыс мың теңге) дейін қымбаттаған бұл сомма халық үшін тым қымбат, қол жетімсіз сол себепті басқалай жолдарын қарастырып халыққа тиімді әрі арзан бағада газ құбыры қосып беруіңізді сізден өтініп сұраймыз.
Екінші свет (электр жарығы) мәселесіне келер болсақ, біз шығыс көшесі көршілер болып жиналып осыдан 5-6 ж бұрын 10 отбасы 10 тірек (столб) қойғызып свет тартқан болатынбыз, қазір 20-дан аса отбасы қоныстанды жыл сайын ауыл тұрғындары артқан сайын свет жарығыда азаяды, кеш батса тіпті нашар теледидар, тоңазытқышты да қоса алмаймыз. Осы себеп салдарынан өшіп қалып жатады. Былтыр жазды күні 2-3 күн свет болмады Энергосбыт компаниясына хабарласып жағдайды айттық, адамдарын шақырттық электр сымы еріп кеткен болатын, столбтар құлайын деп тұр. Ауыстырып береміз деп уәде берген әлі ауыстырылған жоқ. Светті еш ескертусіз жиі өшіре береді. Сол себепті электр жарық қуатын арттырып құлайын деп тұрған столбтарды ауыстырып берсеңіз. Сонымен қатар жол жиегіндегі жарық шамдары мүлдем жоқ, кешке өте қараңғы. Көше жарықтандыру тек кешкі уақытта ересектерге ғана емес, сонымен қатар, мектеп оқушылары үшін де өте қажет. Ұрылыр, қаңғыбас иттер өте көп қорқамыз.



Ендігі кезекте жол мәселесі, жүретін жолымыз өте нашар!


Осы ауылға көшіп келгелі 7-8 жыл уақыт өтседе, әр жыл сайын ауыл тұрғындары болып жиналып қалтамыздан ақша шығарып, тас төгіп жол жасап жатамыз, бірақ жыл сайын жол сол баяғы қалпына қайта келеді. Алдымызда көктем шығып келеді қар еріп, нағыз жаңбырлы кез басталады осы жолдың кесірінен көліктердің дөңгелектері батпаққа тығылып, тіпі жаяу жүру мүмкіндігі қиындайды, оқушылардың мектепке барып келуінің өзі мүмкін емес. Сондықтан осы жасап жүріп жүрген жолымыздың үстіне асфальт төсеп берсеіңіз!
Келесі ауыз су мәселесіде мәз емес, судыда әр отбасы қалтамыздан шығарып кіргізгенбіз, судың ағысы (напоры) аз онысымен қоса тұрғындарға еш ескертусіз суды көп тоқтатады 2-3 күн су болмай қалған кездеріде болады. Свет өшсе суда тоқтап қалады.
Соңғы мәселе ғаламтор (интернет желісі) , өткен 2020-2021 оқу жылы еліміздегі карантинге байланысты қашықтықтан оқыту екені бәрімізге мәлім. Балаларды оқытуға толық мүмкіндік болмай, жағдайымыз қиынға соқты себебі осы күнге дейін сымсыз Altel 4G қызметін пайдаланып келдік қазіргі таңда мүлдем ұстамай, қатып қала береді бізге қолайсыз. Осыған сәйкес, желілік қызметтерді қосып беруді қолға алып көмектессеңіз.
Осы ауылға көшіп келгелі біраз уақыт өтседе, ел болып жұрт болып өз қалтамыздан жол жасап, су кіргізіп, светтімізді орнатып келеміз, көп жағдайда жағдайымыз келмей жатады сол себептіде сізге айтар шағымымызды ескеріп жол жиегіне жарық шамдарын қойып, жол жасап, жарық қуатын көбейтіп, халыққа көмек берулерінізді, өтініп сұраймыз.
Өтініш, бұл мәселені жауапсыз қалдырмауыңызды сұраймыз, алдын ала алғысымызды білдіреміз!
Халық үшін жасаған жұмыстарыңыздың қызығын көріңіз, өрлей беріңіз!

22.02.2022ж


М.К.Джуллаева
8 707- 524 -09 - 93
moti_p@mail.ru

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет