11
10
Егер табысты боларыңызға толық сенімді болсаңыз, сізді
тоқтату мүмкін емес екенін білсеңіз, өзіңіздің және отба
-
сыңыздың тіршілігін тамаша
қамтамасыз ете алатыны-
ңызды білсеңіз, өзіңізді қалай сезінер едіңіз?
Ұдайы болмаса да,
мейілінше жиі дұрыс істеп
жүретініңізді білгеннен ішкі дүниеңіз рахаттана ма?
«Бұл қолымнан келеді. Бәрін керемет істеймін» деген
нық сенім беретін осындай ұлы мұратты бәріміз аңсай
-
мыз. Өз-өзімізге деген темірдей берік сенімділікті арман
-
даймыз.
30 жыл бойы коуч, әрі тәлімгер ретіндегі тәжірибем
-
де сенімділіктің кез келген адамға қажет екенін ұғындым,
онсыз табысты және бақытты өмірге жету мүмкін емес.
Табысты адамдар басқа адамдардан несімен
ерекшеленеді?
Табысты адамдардың да өмірі кереметке толы деп айта
алмаймыз, әр күні мереке бола бермейді, бақыт та оларға
басқа адамдардан артықтау бөлінбесе керек.
Дегенмен,
олар «өзіне деген сенімді нығайта түсу» дейтін ең басты
қағиданы естен шығармайды.
Сенімділік жоқ жерде адамды алаңдау, мазасыздық,
күмән, үрей сияқты сезімдер билеп алады. Түймедей
проблеманың өзі түйедей болып көрінуі мүмкін. Адам
оған күші
жетпейтіндей сезініп, қолымнан келмес деп
ойлайды.
Егер ол өзіне сенімді болса,
қорқынышты жеңіп,
армандаған өміріне қол жеткізеді.
Бұл кітап не туралы?
Бұл кітапта сенімділікке қолжеткізу және өзін-өзі
бағалап үйрену туралы айтылады. Оқырман қолданыс-
тағы модельмен таныса алады.
Мыңдаған адам осы
модельді пайдалана отырып, бақытты да табысты өмір
сүріп жатқанын анық білемін.
Ұсынылған модельдің көмегімен өз-өзіңмен
басқа тілде сөйлесуді үйренесің.
Сен өзіңнің өмір тарихыңды өзің қалағандай дәре
-
жеде жазып шығуға болатынын білесің. Өзіңе қойған
келесі үш сұрақтың
жауабы осы тарихқа байланысты,
ол сұрақтар мынадай: «Бұл менің қолымнан келе ме?»,
«Бұған лайықтымын ба?», «Мен кіммін?».
Бұл сұрақтарға берер жауаптарыңыз бар өміріңізді
айқындайды: өзіңізді қалай сезінетініңізді, өзіңіз туралы
не ойлайтыныңызды, қандай шешім қабылдайтыныңыз
-
ды, не істейтініңізді – әрбір күніңізді, өміріңіздің әрбір
сәтін білдіреді.
Бұл кітапта Карл туралы – әрі жас, әрі өз-өзіне сенім
-
сіз, тіпті сенімділіктің не екенін, оның неге қажет екенін
түсінбейтін адам туралы айтылады. Карл армандарына
қарай жүру үшін өзіндік санасын қалыптастыруды үйре
-
неді. Карлдың оқиғасынан әркім өзін тануы мүмкін. Бұл
қорқыныштан бастау алған оқиғаға толы керемет өмірге
апаратын жол.
Бұл оқиғаны сенің де бастан кешіруіңе шын жүрек
-
тен тілектеспін. Өзіңе сенімді түрде: «Бұл
қолымнан
келеді!» де.
Шын жүректен,
сенің Бодо Шеферің