23 22 – Алайда сен бір әдемілікті, айталық керемет ланд
-
шафты немесе әдемі гүлді көрсең тап осылай айтасың
ғой.
– Иә, әрине.
– Мен де өзімдегі оң қасиеттерімді осылай айтамын.
Мен өзімнің кім екенімді білемін және бұл өзіме ұнай
-
ды. Мен неге қабілетті екенімді білемін және оны мақтан
тұтамын.
Карл не ойларын білмей дал болды. Бір жағынан
өзі туралы осылай айту әдепсіздік деп ойласа, екінші
жағынан «Мен өзіме ұнаймын, мен өзімді мақтан тұта
-
мын» деп ойлау жақсы сияқты көрінді.
– Бәрібір мен бұндай жағдайда өзімді ыңғайсыз сезі
-
нетін сияқтымын. Және өзіндік сананы өмірдің мәні деп
есептемеймін. Басқа да маңызды нәрселер бар ғой.
– Қандай?
– Мысалы махаббат, достық, кәсібіңде табысқа жету,
жақсы жалақы.
– Өзіңді өзің сүймейінше, басқаларды сүйе алмай
-
сың – деп қарсыласты Марк – Өзіңе сенбейтін болсаң,
достығыңнан да ештеме шықпайды. Өзіңнің қабілетіңді
білмесең, жұмысыңда да табысқа жете алмайсың. Мен
саған мынаны айтайын: барлығының бастауы – өзіңе
өзіңнің сенімділігің.
Сен өз өзіңе сенімді болғанда ғана толыққанды, табысты, бақытты өмір сүре аласың. Бірақ көп адам мұны түсінбейді. Олар тіпті өзіндік сана
дегеннің не екенін білмейді де.
Карлды бұл пікір де сендіре алмады:
– Сүю және дос болу үшін жан-жақты мақтанудың
қажеті шамалы.
– Мен сенің күмәныңды түсініп отырмын. Өйткені
ата-анамыз, қоғамымыз бұл туралы ештеме айтпайды.
Менде қазір кездесу бар еді. Бірақ менің бір ұсынысым
бар, ертең кездесейік және осы туралы егжей-тегжейлі
әңгімелесеміз.
Карлдың Марктің жол апатын қалай қабылдағаны
есіне түсіп кетті. Ол оған мұқият қарады да: «Иә, тағы
бір кездессек жаман болмас еді» деп ойлады.
– Жақсы – деді Карл.
Олар қоштасты да Карл үйіне бет алды.
Түнде Карл біртүрлі түс көрді. Түсінде ашық қызыл
свитер киген ақ шашты егде әйел бұнымен сөйлескісі
келеді. Алайда ол әйелдің дауысын естімейді. Әйел
бірдеңелерді айтып жатты, бірақ Карл оның бір сөзін де
ести алмады.
Ол әйелдің сөзінің өзі үшін маңызы бар екенін түсін
-
ді, ол әйелдің сөздерін ұғынуы керек еді. Алайда әйелдің
еріндері қозғалғанымен бір де бір дыбысын ести алма
-
ды. Осы кезде әйел сөмкесінен күлгін түсті кітап алып
шығып, ас үйдегі үстелдің үстіне қойды да ғайып болды.
Карл оянғанда түсі көз алдынан әлі өтіп жатқандай
әсерден арыла алмады. Бірдеңе жетіспейтіндей көрінді.
Не екенін түсінбей отырды да, бір кезде түсіндегі әйел
есіне түсіп кетіп қатты шошып кетті, мұздай тер бұрқ ете
қалды. «Не деген мағынасыз түс!» деп ойлады ол.
Кофе дайындауға орнынан тұрды. Осы кезде көзі
ас үйдегі үстелге түсіп кетті. Оның үстінде кітап жатты!
Түсіндегі күлгін кітап! Қолындағы кесесін түсіріп ала
жаздады. Иә, күмән жоқ, сол кітап.
Бірінші ойы: «Пәтерге біреу кіріп, кітапты тастап
кеткен. Мен есікті жаппағанмын ба?» болды. Карл жүгіріп
барып есікті тексерді. Есік жабық екен, кілтке де, шынжыр-
ға да жабылған, біреудің кіруі мүмкін емес.
Карл ойланды: «Мен алтыншы қабатта тұрамын.
Терезелер жабық. Бұл не болғаны? Әлде мен жынданып