103 102 Адамдар өздерінің кемшіліктерінен жиі қорқады. Алайда
сен бар болмысыңмен жақсысың.
Қандай да бір жағдайдан қорқасың ба? Өзіңе: «Бұл қолым-
нан келеді» де. Бұның қолыңнан келетініне күннен күнге
сенімің арта түсуі керек.
Егер сен қорқыныштан қашар болсаң, ол ұлғая түседі де, сен
кішірее бересің.
Қорқыныш саған жол сілтейді. Сондықтан да оны: «Мұнда
жүр. Мыныны үйрен. Мынаны жетілдір. Мына жерден қарғып
өтуің керек. Ал мына жерде сенің зор әлеуетің жасырынып
жатыр» деп айтып отыратын досым деп ұқ.
Сен өзіңді ұстап тұрған қорқыныштан безуің керек. Ол үшін
қорқынышты басқа нәрсемен алмастыру қажет, айталық
сенімділіпен. Ол қолыңнан келетініне, лайықты екеніңе, осы
болмысыңмен жақсы екеніңе сеніп үйрен.
Қорқыныш бізді сылтау айтуға итермелейді («мен қорыққан-
дықтан ештеме істей алмаймын»). Осылайша қауіптен
құтылу арқылы сен жеңілдік сезінесің.
Шын мәнінде сен әлсіз бола түстің. Қорқыныш билегенде
табыстың орнына сәтсіздіктер көбейе түседі.
Қорқыныш сезімін дұрыс пайдалану керек. Қорқыныш
сылтау айтуға итермелемей, саған дұрыс бағыт сілтеуі керек.
Қорқынышты жеңуден басқа жол жоқ. Болашақтағы өмірің
осы қорқыныштарыңды игеруіңе байланысты болмақ.
Карл түк түсінер емес, мұның бәрі қайдан келіп
жатыр! Ол таңғажайыпқа сенген емес, түстің қиялдан
немесе түпнұсқадан туындайтынын біледі. Алайда күлгін
күнделікті өңінде ұстап отыр емес пе?
Бір кезде бұған логикалық түсінік бар екенін, оны ол
міндетті түрде анықтайтынына сенімділік сезімін сезінді.
Ол жымиды да өзіне: «Қызық, бұл өзіндік сана ма әлде
жындылық па?» деді.
Объективтік шындықтың жоқ екені, ол жөнін
-
де ғалымдардың көзқарасы бірегей екені оның есіне
түсті. «Жақсы» деп ойлады Карл – «олай болса, менің
жындылығым позитивтік бағытта болғаны».
Тура сағат тоғызда оған Марк келді. Әдеттегідей ол
өте сыпайы еді:
– Менімен баратының қандай жақсы болды. Михаэль
менің өмірімдегі басты ұстаздарымның бірі. Мен осын
-
дай қазынама сені ортақттастыратыныма қуанып тұрмын.
Сонан кейін мен әлемдегі ірі концерндердің бірінде
баяндама оқимын. Егер қаласаң бірге жүр.
– Мен де қуаныштымын, – селқос жауап берді Карл.
– Әрине, сенің баяндамаңды рахаттана тыңдар едім.
Оның ойынан көрген түсі мен күлгін күнделікте
жазылған жазулар кетер емес. Сондықтан ол:
– Менде неге қорқыныш көп? Олар қайдан келеді? –
деп сұрады.
– Жақсы сұрақ. Бүгін біз оны ғылыми көзқарас
тұрғысынан қарастыратын боламыз, – деді Марк.
– Сенің барлық сұраққа жауабың бар ма? – деп
таңқалды Карл.
– Менің жауаптан гөрі сұрағым көп. Дегенмен қорқы
-
ныш туралы сұрақтарыңа жауап бере аламын, ол туралы
көп оқығанмын. Біздің миымыздың стандартты қалпы
үрей болып табылады, соның әсерінен біз негативтің
көбейгенін айтамыз. Ата-бабамыздың даму тарихы
-
на үңілсек, олардың жабайы аңдардан қорғанғанын
білеміз. Сондықтан да жабайы мысықтан қорқу сезімі
оны сипалаудан күштірек, ол тірі қалуды қамтамасыз
ету дегенді білдіреді. Қорқыныш біздің қанымызда бар,
ол ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Бұл біз жағымды