99 98 – Жеткілікті. Менің қазір басым жарылады, – деді
Карл.
– Сен әлі ғалымдардың алғашқы зерттеулерін ғана
тыңдадың, – деп күліп жіберді Анна. – Мен түсіндірген
-
нен кейін осы материалдарды кездестіретін болсаң, саған
түсініктірек болады.
– Ал егер мен осыны екі минуттан кейін сегіз жасар
балаға түсіндірер болсам ше? – деді де, Карл басына
келген осы идеяға өзі таңқалды.
– Олай болса қағазға бірдей ұзындықта екі сызық сызу
керек, – деді ойланбастан Анна. – Бір сызықтың екі шеті
-
не ішке бағытталған, екіншісінің шетіне сыртқа бағыт
-
талған стрелка сал, - деді де, Анна қағазға сызып көрсетті:
Карл таңқала:
– Жоғарғы сызық енді ұзынырақ болып көрінеді.
– Иә, – деп растады Анна. – Миымыз екі сызықтың
бірдей екенін білсе де сызықтың бірі ұзын, екіншісі қысқа
болып көрінеді көзімізге. Өзіндік сана да дәл сол сияқты.
Ол төменгі деңгейде болса, біз де өзімізге кішкентай
болып сезінеміз, өзімізді үлкен істерге лайықсыз деп
санаймыз, өзімізге сенбейміз. Жететін нәтижеміз де
сәйкесінше жоғары емес. Ал егер өзіндік сана деңгейі
көтерілсе, өзімізге күшті, құзыретті, қабілетті боп көрі
-
неміз. Үлкен істерге дайын боламыз. Біздің қабілетіміз де
арта түседі.
Сонан соң Анна жазуы бар қағаз алды. Онда былай
деп жазылған екен:
– Бұл жерде мәселе жазудың мазмұнында емес, қағаз
-
дағы ақ пен қара түстің ара-қатынасында болып тұр.
Мұнда қара шрифт көп пе, әлде ақ түс көп пе?
– Әрине ақ түс көп, – деді Карл. Оған Аннаның не
дегелі тұрғаны қызық еді.
– Айталық ақ қағаз адамның өмірі делік. Қара шрифт
оның әлсіздіктері мен жеңілістері, ал ақ түс оның күшті
жақтары мен табыстары дейік. Кейбір адамдар қағаздың
бетінде жазу көп болмаса да тек қара шрифті көреді. Олар
қағаздың көп бөлігін ақ түс алып жатқанын байқамайды
да. Біз «Өзіндік сана» академиямысында өмірдің жақсы
тұстарын көруді үйретеміз.
Карлға бұл ой қатты әсер етті, әйтсе де ол бір ауырлық
пен сенімсіздік сезінді. Ол өзінің жақсы жақтарын емес,
әлсіз тұстарын ғана байқайтынын түсінді. Сәтсіздіктері
табысына қарағанда жадысында көп сақталады екен. Ол
осы ойын Аннамен бөлісті. Анна болса оған мейіріммен
қарап:
– Сен ғажапсың. Мен саған таңданудан шаршамай
-
мын, – деді.
Карл барлық комплименттерін тыңдап тұра берер еді,
алайда онымен өзінің келіспейтіндігі тағы бар. Ол өзін
сиқырлы әлемге түсіп кеткендей сезінді. Бір жағынан,
өзіне басқаша көзқараспен қарап, өзін жақсы, күшті,
керемет сезінгісі келді. Өзін Анна мен Марктің көзімен
көргісі келді. Екінші жағынан, ол бар күшімен өзіне деген
ескі көзқарасына жабысып болар емес.